//

Телефон қолдану үшін бет-жүзді анықтау – Қытай қауіпті тәжірибеге негіз салды

1358 рет қаралды

Телефондарына жаңа қызмет түрін тіркегенде қытайлықтар бет-жүзін сканерлеуі керек. Билік өкілдері барлық интернет қолданушының болмысын нақтылап отырмақ. Нәтижесінде әлемнің басқа да адамдары тәрізді емін-еркін байланысқа шыққысы келетіндердің барлығы үшін бұл негізсіз қауіп тудырып отыр.

SIM-картаның тіркеу кезіндегі қажетсіз және құқықты шектейтін ережелерге енді сенімсіз, ауқымды және қажетсіз технлогияны ендіру арқылы қауіпті күшейтіп отыр. Коммуникация құрылғыларын қолдану үшін тіркеуді енгізу анонимді хабарласу мүмкіндігін шектеп, коммуникацияны барлық жерде бақылап, қадағалап отыруға жол ашады.

SIM-карт тіркеуден бөлек бет-жүзді анықтау жүйесін жасау әлемдік тәжірибеде қауіпті бір бастаманың басын ашты. Пәкістан тәрізді кейбір елдер төмендегідей талаптарын қоя бастады: SIM-карта тіркеу кезінде саусақ ізі алынады. Қытай болса, бұл әдісті жаңа деңгейге көтеріп, шарттарын күшейтіп отыр.

SIM-картаны тіркеуге қатысты заңсыз ережесін ақтап алу үшін Қытай үкіметі өзге елде елдер тәрізді бұнысын “киберкеңістікте өз азаматтарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жасалды” деп сендіреді. Шындығында мәселенің мәнісі басқада. SIM-картаны тіркеу қылмыспен күрестің тиімді тәсіліне айналмады, керісінше, өршіте түсті. SIM-карта тіркеуді міндеттеген елдерде идентификацияға байлансты қылмыс түрі өсіп, өз анонимдігін сақтап келгісі келетіндерге көрсететін жабайы нарықтың дамығанын көрсетті. Сонымен қатар SIM-карталарды заңсыз жолмен жасап алуға да болады. Көптеген елде қылмыскерлер SIM-карта тіркеуден жалтару үшін өзге елдің SIM-картасын немесе интернетін және спутник телефонын қолданады.

Қытай үкіметі күмәнді істі қолға алып отыр. Перудегі полициямен болған оқиға болашақта қандай қиындықтармен бетпе-бет келуіміз мүмкін екенін көрсетті. Бұл жайты әріптесіміз Hiperderecho толығырақ түсіндіріп берді: Hiperderecho (https://hiperderecho.org/), цифрлы ортада құқық пен еркіндік саласында жұмыс істейтін перуандық үкіметік емес қауымдастық.

Ұлттық полиция несиеге қымбат телефон алып, алданып қалдық деген қылмыстық топты әшкереледі. Қылмыс үшін әуелі олар несие тарихын ұсынатын агенттіктің ашық деректерінен несие тарихы жақсы адамдардың тізімін тауып алды. Содан кейін сол аты-жөндерді қолданып, бірақ суретін өзгертіп жалған жеке куәліктер жасады. Соңында өз құрбандарының саусақ ізін силикон 3D-көшірме арқылы жасалған қолғапқа орнатып, биометрикалы сканерге қолданады. Баспасөз мәліметі бойынша олар қолтаңба көшірмесі мен саусақ іздерінің түпнұсқасын Жеке бас деректерінің мемлекеттік реестірінен алған. Ол жерде міндетті тіркеуден өткен әрбір Перу азаматының туған күнінен бастап, барлық биометриалық мәліметі сақталған. Қылмыскерлер өздерінің барлық айласын перуліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді дейтін міндетті тіркелу саясатындағы деректерді қолданып жүзеге асырды.

SIM-картаны тіркеу талаптары әлемдік құбылысқа айналып отыр. Африканың бірнеше елдері және азия мемлекеттері осы тәсілді қолдап отыр. Бұл жеке бас мәліметтерін қорғауға қатысты тиімді және сеніді заңның болмауынан болып отыр. Африканың көптеген еліне SIM-картаны міндетті түрде тіркеу заңы қабылданғанымен, африканың 43% елінде ғана жеке бас деректеріне қатысты заң қабылданды. Жеке бас мәліметтеріне қол сұқпауға қатысты заңдары бар елдерде, сыншылар мен заңгерлер қорғау жеткілікті деңгейде болмай отыр деп дабыл қағуда.

SIM-карталарды мәжбүрлі тіркеу адамдарды жаппай бақылауда ұстауға және әлеуметтік желі, денсаулық пен білім тәрізді виртуалды алаңдардан оларды ығыстыруға ұласуы мүмкін.

Егер Қытай үкіметі шынымен де өз азаматтарының құқықтарын қорғаумен айналысса, жеке бас деректерінің қауіпсіздігіне қатысты заң қабылдап, жәрдемдесе алады. Оның орнына Қытай билігі мобильді телефон қолданушыларды бақылаудың және жеке деректерінің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге жаңа жол ашып, өзге елдерге қауіпті үлгі көрсетіп отыр.

дереккөз: www.soros.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар