/

49 жылға жалға алды

1562 рет қаралды

“Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне” қарайтын Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан, Асы үстірттері, Есік және Солдат шатқалдары, Бутаковка аумағы “КУЛТАУ И К” ЖШС 49 жылға жекеменшікке жалға берілген.

Бұл туралы “Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің” сайтында: 

  • “Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ҚР ЭГжТРМ  “Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ 2020 жылдың 13 наурызында өзара байланысты туристік объектілер кешенін ұсынатын № 1 лот бойынша экологиялық туризмді дамыту мақсатында туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парк учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге тендер өткізді.

Тендер комиссиясының шешімі бойынша №1 лоттың жеңімпазы болып жалғыз қатысушы «КУЛТАУ и К» ЖШС жарияланды” делінген.

«КУЛТАУ и К» ЖШС қарамағында 5 адамға дейін жұмыс істейді. 2004 жылы тіркелген шағын ұйым. Ұйым басшысы – Гужавин Александр Олегович. Александр Гужавин- көтерме саудамен айналысатын “АС-АЛТЫН” ЖШС-ның да басшысы.

«КУЛТАУ и К» ЖШС 49 жылға жалға алған ұлттық парк телімдерінде экотуризмді дамытпақ көрінеді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде ұлттық парктің әдемі жерлеріне туристік кешендер, бақылау алаңдары, лагерьлер мен көпірлер салу жоспарланған. 

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар