/

ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС: орта білім беру жүйесін толықтай бір ауысымға өткізу үшін Қазақстанға 3 мыңдай жаңа мектеп қажет

1094 рет қаралды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі отырысына ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Бейнеконференция форматында өтіп жатқан жиында адами капитал, яғни білім беру, денсаулық сақтау мәселелері талқыланды. 

Осы жиында президент Қ.Тоқаев 2025 жылға қарай 650 орындық және одан да көп оқушыға арналған 800 мектеп, ауылдағы тірек мектептер үшін 114 интернат, 700 –дан астам спортзал салу жоспарланғанын айтты. Бұл мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылмақ. 

Rauan Kenzhekhanuly:Әлемде білім берудің жағдайына толық қанағаттанатын бір де бір мемелекет жоқ.***Қазақстанға бір ауысымды білім жүйесін қалыптастыруға 3 мыңдай жаңа мектеп керек.***Қазақстанға ұлттық мектептің үлгісі қажет деп есептейміз!

Опубликовано Nurgali Nurtay Среда, 27 мая 2020 г.

Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару оларды қаржыландыру облыстық деңгейде жүзеге асырылады. 

Негізінен әлеуметтік салаларды реформалау туралы айтылған жиында мемлекет басшысы бұл бастамалардың Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде жасалатынын айтты. 

Осы отырыста Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов

– Үй-ішінің табысы жоғары абитуриенттер грант алмауы керек. Гранттарды табысы төмен отбасылардан шыққан барлық абитуриенттерге 50 балл жинаған жағдайда бере беру  керек, деген ұсыныс айтты.  Оның ойынша, мұндай қадам  әлеуметтік лифттің  жұмыс істеуіне жол ашады.

Сондай-ақ, осы кеңестің тағы бір мүшесі Рауан Кенжеханұлы, біздің есебімізше, орта білім беру жүйесін толықтай бір ауысымға өткізу үшін Қазақстанға 3 мыңдай жаңа мектеп қажет. Мұндай аса ауқымды мәселені мемлекет тек өз күшімен тез арада шеше алмайды, дей келе, мектеп салуға жеке қорларды кеңінен тартуды ұсынды.  

Sayasat Nurbek ашына сөйледі. Нағыз ұлтқа қызмет ететін мінез!

Опубликовано Nurgali Nurtay Вторник, 26 мая 2020 г.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі