/

“Жайнаған туың жығылмай”

2091 рет қаралды

Дүниеден Бейсен өтті

Қазақ журналистикасы қара жамылды. “Айтуға оңай”, “Қарекет” ток-шоуларымен танымал, аймақтық “Жетісу” телеарнасының директоры журналист Бейсен Құранбек қайтпас сапарға аттанды. Бейсенмен бірге журналистиканың бір дәуірі көшіп кеткендей.

“Айтуға оңай”, “Қарекет” ток-шоулары арқылы Бейсен Құранбек журналистиканың әлеуметтік маңызын көтерді. Жоқ-жітік, көңілі жарымдардың көз жасын сүртіп, жоғын тауып беріп, жанына жалау болып жүріп, өзінің қалай дертке шалдыққанын білмей де қалды. Амал не, оның сауығуын бүкіл ел болып тіледі, алайда жанына дауа болар шипаны таппады. Сөйтіп қара орман халқын қан жылатып, о дүниеге аттанып кетті.

2010 жылы “Мінбердің” алғашқы тренингін өткіздік. Қатысуға ниет білдірушілер өте көп болды. Соның ішінде Талдықорғаннан ат арытып Бейсекен, Бейсен Құранбек пен Жанахмет Ағыбаев келді. Біздің бастап жатқан ісімізге баладай қуанды. Содан бастап, “Мінберге” тілектес болды. Талдықорғанда өткізген тренингтеріміздің бәрінің басы-қасында жүретін. Қазақ журналистерінің білімін, біліктілігін жетілдіріп, заманауи технологияларды үйреніп, елден қалмауы үшін барын салушы еді.

“Айтуға оңай” бағдарламасына жиі шақыратын. Жұмыс барысымен бір – екеуіне ғана қатыса алдым. Бейсекеңмен бірнеше рет жолығып, әңгіме тиегін ағытып көрген едік. Сол кезде журналистиканың бүгінгідей биліктің сойылын соғатынына налитын. Елдегі басты проблеманың бірі – жемқорлықтың тамырына балта шабылуы үшін не істеу керек деп басын қатыратын. Жолдардың жыл сайын жөнделіп, жыл сайын шұрқ тесікке айналатыны жанын жегідей жейтінін айтатын. “Айтуға оңай” жобасын аяқтағаннан кейін, деректі фильмдер түсіргісі келетінін айтқан еді бірде. Бірақ, өкініштісі өзі деректі фильмнің кейіпкеріне айналып кетерін кім білген.

Бақұл бол, журналистиканың қара нары. Сен біздің жүрегіміздесің.

Есенгүл Кәпқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі