120 балла аламын деп ойладым: ордабасылық оқушы 138 балл жинады

4140 рет қаралды

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы орта мектептің оқушысы Абзал Әбдіманап ҰБТ-да ең жоғары балл – 140-тан 138 балл жинады.

Абзал Әбдіманап көпбалалы отбасында тәрбиеленген екен. Туған ауылында Ысқақов атындағы мектепте оқыған, кейін көрші ауылдағы мектепке ауысып, “Теспе” орта мектебін үздік деген бағаға аяқтаған.

Енді Абзал медициналық факультетке түскісі келеді екен.

“Өзіне нан табу үшін ақша табатын бала ғана барлық нәрсенің құндылығын түсінеді”, – дейді Абзалдың әкесі.

Абзалдың айтуынша, ҰБТ тапсыру кезінде ешқандай проблема мен қиындық болмаған. Карантин кезінде өз бетімше онлайн дайындалдым дейді.

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушы ҰБТ-да биология және химия пәндерін таңдаған.

“Мен 21 маусым күні ҰБТ-ны Шымкент қаласы, Темірлан ауданындағы Шоқан Уалиханов мектебінде тапсырдым. Тестілеу сұрақтары маған оңай болды, өзім оқыған, жақсы білетін тақырыптар келді. Тест тапсыру кезінде бақылаушылар бәрін қарап жүрді, жоғары балды өзімнің таза біліміммен алып шықтым”, – дейді Абзал Әбдіманап.

Ол болашақта тіс дәрігері болуды армандайтынын жеткізді. Талапкер тест тапсырушыларға тек өз біліміне сенуге кеңес беріп, сәттілік тіледі.

“Енді өзімнің жүрек қалауыммен медицина саласына түскім келеді. Болашақта ағаларым сияқты тіс дәрігері болсам деймін. Талапкерлерге шпаргалка сынды тыйым салынған заттарды алып кірмеуге кеңес беремін. Өйткені, оны алып кіре алмайсыздар, камерадан бәрі көрінеді, бақылаушылар да қарап тұрады. Қатарластарыма айтарым, тек өздеріңізге сеніңіздер, сіздерге сәттілік тілеймін”, – деді оқушы.

Абзал бос уақытында кітап оқығанды, спортпен айналысқанды ұнататынын, алдына биік мақсат қойғанын айтты.

“Сабақтан бос уақытымда кітап оқимын. Соңғы оқыған кітабым – Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” романы. Сондай-ақ, достарыммен футбол, волейбол ойнағанды ұнатамын. Мен алдыма мақсат қойып, қашанда соған жетуге талпынамын. ҰБТ-ға дайындалып жүргенде 120 балл аламын деп ойладым. Қазір 138 алғаныма өте қуаныштымын”, – деді ол.

Айта кетейік, кеше Қазақстанда ҰБТ басталды. Карантинге байланысты ҰБТ өткізу пунктінде санитарлық талап күшейді. Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді 131,5 мыңнан астам адам тапсырады.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі