/

Алакөлде демалыңыз, COVID-19 тестін тапсырудың қажеті жоқ

940 рет қаралды

Алакөлде демалыс COVID-19 тестін тапсыруды қажет етпейді

Туристер Алакөлге баруы үшін коронавируске тест тапсырмаса болады. Демалыс орнында арнайы анықтама қажет етілмейді.

Туристік аймақ Алакөлде санитарлық талаптар бұрынғыдан қарағанда күшейді.

– Келушілер мeдициналық бетпердемен жүруге міндетті.

– Демалушылардың жатын, тамақтанатын орындары санитайзерлермен қамтамасыз етілуі керек.

– 1,5-2 метрлік арақашықтықты сақтауы міндетті. 

“13 маусымнан Алакөлдегі демалыс орындары ашыла бастайды. Демалыс орындарының қызметкерлері жаңа форматта дайындалады. Демалушыларды қалай қарсы алу керек, тепловизормен қалай жұмыс істеу керек, анкета қалай толтыру керек, соның бәрін үйрететін боламыз. Егер дайын болса жаңағы базаларға рұқсат береміз, дайын болмаса рұқсат берілмейді”, – деді Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов.

Алакөлде ресми тіркелген 250 демалыс орны бар. Былтыр 1 млн 300 мыңнан астам турист демалған. Көрсетілген қызмет құны 8 млрд теңгеге жеткен.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі