///

Карантин кезінде тамақты үйге әкеп беруді тапсыратындар көбейген

1919 рет қаралды

Шағын қаланың карантиндегі ахуалы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті сайтындағы 2020 жылдың сәуір айындағы мәлімет бойынша Талдықорған қаласында 11 380 шағын және орта кәсіпкерлік субьект бар екен. Олардың бірі қала тұрғындарына жақсы таныс «Tandoor» және «bazilik» мейрамханалары. Біз Алматы облысының орталығындағы осы мейрамханалардың карантиндегі жағдайы туралы білу үшін оның иесімен тілдестік. 

дереккөз: www.stat.gov.kz

Дәурен ТАЛИПОВ Талдықорғандағы атақты «bazilik» пен «Tandoor» мейрамханаларының иесі. Ең алғашқы кәсібін 2007 жылы азық-түлік дүкенінен бастаған. Карантин басталмай тұрып, таңғы сағат 09.00-24.00 ге дейін Талдықорған тұрғындары мен қонақтарына қызмет еткен мейрамханалар қазір жабық. Карантинге байланысты табысының 60-70%-нан айырылған мейрамхана иесі қызметкелерінің 80% -ын ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болған. Қазір мейрамханада қызмет еткен 90 адамның 20%-ы үйге тамақ апарып беру тәртібімен жұмыс істеп жүр. Дәурен Талиповтың айтуынша олардың жалақысы екі есе қысқарған. Азық-түлік бағасының өсуіне байланысты тамақтардың бағасы да қымбаттаған. Ал карантин уағында үйге тамақ тапсырыс беретіндер саны бұрынғыға қарағанда 30% ға өсіпті. 

дереккөз: www.stat.gov.kz

Коронавирус пандемиясы дүниежүзіндегі экономиканың құлдырауына әкеп соқты. Одан Қазақстан экономикасы да зардап шекті. Еліміздің бір қаласындағы шағын кәсіпкердің карантин кезіндегі жұмысы осы зардаптың бір мысалы десек, қателеспейміз. Бір жұмыс берушінің 80% қызметкерін ақысыз демалысқа жіберуі ел ішіндегі жұмыссыздықты арттыратыны мәлім. Алайда, жұмыс берушіні айыптай алмаймыз. Адамдардың ары бері жүруі шектелген осы бір шарасыз кезең «Жүргенге жөргем ілінеді» деген қазақы тәмсілдің рас екенін дәлелдегендей.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері