Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды

2090 рет қаралды
1
Сурет: Egemen.kz

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 және 11 маусымда ол коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдаған.

16 маусымда Нығматулин кезекті тестілеу өткізді. Өкінішке қарай, сынақ оң нәтиже көрсетті. Бұл ретте диагноз белгісі жоқ деп қойылған.

Мәжіліс төрағасы қашықтан, өзін-өзі оқшаулауда жұмыс істеуін жалғастырып жатыр.

17 маусымға жоспарланған Мәжілістің жалпы отырысын оның орынбасары өткізеді.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Пендемізғой, кез келген адамның ауыруы ғажап емес. Алла шипасын берсін. Тез айығып кетуіңізге ниеттеспін.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар