Қазақстанның халық саны 19 млнға жақындады

1396 рет қаралды
1

Қазақстанның халық саны 18 711,2 мың адамға жетті. Мұндай деректі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылғы 1 мамырда еліміздегі халық саны 18 711,2 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 11 004,5 мың (58,8%), ауылдықтар –7706,7 мың адам», – делінген таратылған ақпаратта.

Комитет мәліметінше, 2019 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 242,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (63,7 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (55,5 мың адам) және Түркістан облысында (33,1 мың адам) тіркелген.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі