Белгілі тележурналист,талантты жазушы,аудармашы Серік Әбікенұлы Сарыбаев 1972 жылы 3 қыркүйекте Талдықорған облысының Кербұлақ ауданы, Балғалы ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген. Журналист. «НТК», «31 арна» секілді телекомпанияларда Бас редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Тележурналистикадағы еңбек жолын 1998 жылы «Телефабрика» серіктестігінде бастап, «Анау-мынау», «Айтпақшы» бағдарламаларын шығаруға атсалысқан. 2000-2003 жылдар аралығында «Оңтүстік астана» телеарнасында Бас редакторлық қызметте жүріп, «Сойыл» атты тұңғыш тележобасын жарыққа шығарды. 31 арнаның» «Информбюро» жаңалықтар қызметінде 6 жыл жетекшілік етіп, осы арнада «Тарих безбені», «Тұжырым», «… кім?», «Ел сойылы» сынды жобаларды елге ұсынды. Осы күні ел аузында жүрген «Тілсақшысы», «Пікірлер пирамидасы», «Тарих таразысы», «Тағдыр мен тұлға», «Монолог», «Болмыс», «Тыңдашы, айналайын» бағдарламалары «Қазақ хандығына – 550жыл» 40 сериялы деректі циклінің және тағы басқа көптеген хабарлардың авторы.
2013 жылы «Парасат» саяси-қоғамдық журналының Бас редакторы және 2014 жылдан «Жетісу» телеарнасы директорының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
Серік Әбікенұлы “Жетісу” телеарнасының директоры болып тағайындалды

Соңғы жазбалар
28 тамыз күні Құрылтай ресми түрде жұмысын бастады. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Құрылтайдың алғашқы сессиясында депутаттар
Медиасарапшы, белсенді Бэлла Орынбетпен журналистика, адам құқықтары және өңірлердегі азаматтық бастамалар туралы сөйлестік. Сондай-ақ мемлекеттік басылымнан
Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапты. Қыршын кеткен жастар жер қойнына тапсырылғанмен,
photo: BBC Ақ үй қожайыны Дональд Трамп пен Америка журналистерінің арасында бітіспес майдан басталған секілді. ДОНАЛЬД
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен ҚР Қорғаныс Министрі Дәурен Қосанов орнынан алынды. Бірақ Каспий теңізіндегі әскери
14 сарбаздың өліміне қатысты қозғалған іс бойынша 5 әскери қызметші күдікті ретінде Ақтаудағы уақытша изоляторға қамалды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлайды. Бүгін, 25 қыркүйекте,
24 қыркүйек күні Маңғыстаудағы Әскери-теңіз күштерінің әскери жаттығуы кезінде 12 сарбаздың қаза табуына байланысты 25 қыркүйекте
Атамыз Шудабайұлы Кәрім 1900 жылы Алтайдың Шіңгіл деген жерінде дүниеге келіпті. Жастайыннан қара шаруаға мығым, өте
Фото: : Владислав Семенов Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында