ҰБТ-2020 бесінші күні: 91 түлек ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды

834 рет қаралды

Бүгін, 25 маусым Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 12 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қалада орналасқан 67 ҰБТ өткізу пунктінде өтті. Тестілеуге жалпы саны 11 940 түлек қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 9 568, орыс тілінде – 2 372.

91 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқан үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны және тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 42 түлек аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды.

Тестілеуге кіргізу барысында бір түлектің температура жоғары екені анықталып, осыған байланысты ол тестілеуге жіберілмеді. Тестіленуші ҰБТ-ны басқа күні сауыққан соң тапсыра алады. Жалпы, Ұлттық бірыңғай ұлттық тестілеу қалыпты режимде өтті.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі