Ұлттық тестілеу орталығы: ҰБТ пунктерінде санитарлық шаралар күшейтіледі

1483 рет қаралды
Сурт: kstnews.kz

ҰБТ тапсырудың барлық пунктерінде санитарлық шаралар күшейтіледі, деп мәлімдеді  Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.

Тестілеу пунктеріне кіру маска режимін сақтай отырып, кемінде 2 метр қашықтықты қатаң сақтай отырып жүзеге асырылатын болады;

Әрбір тестіленуші дезинфекцияның 5 кезеңінен өтеді:
– сыртқы киімді дезинфекциялау ерітіндісімен зарарсыздандыратын арнайы тоннель арқылы өту;
– санитарлық қызметкерлердің аяқ киім мен қолды дезинфекциялау процедурасы;
– термобақылау процедурасы. Жоғары температура анықталған жағдайда тестіленушіге кезекші бригада мен медицина қызметкерлеріне жедел кеңес беріледі;
– тексерушілер мен тестіленушілер арасындағы қашықтықты сақтай отырып сәйкестендіру рәсімі;
– респираторлық немесе әдеттегі медициналық маскаларды беру.

Тестілеу пунктерінің әрбір қабатының дәліздерінде санитайзерлер орнатылады, ал жанасуды болдырмау үшін дәліздегі және аудиториялардағы барлық есіктер алдын ала ашық жағдайда болады.

Тест тапсырушылардың орнына отырғызу алдында аудиторияларды міндетті түрде желдетіп, кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып жүзеге асырылатын болады.

Адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін, сондай-ақ карантиндік шараларды сақтау мақсатында ата-аналарға ҰБТ-ға түлектермен келуіне және оларды тестілеу өтетін аумақта күтуге тыйым салынады. Ол үшін жергілікті атқарушы органдардың күшімен балаларды ҰБТ-ға тасымалдауды ұйымдастыру қамтамасыз етіледі, ал тестілеу пункттерінің аумақтарын құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршайтын болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі