42500 теңге: 880 мың кісіге төлем тағайындалды

1539 рет қаралды

42500-ге өтінішті 1 млн 55 мың адам жіберіп үлгеріпті. Дәл қазір 880 мың кісіге төлем тағайындалды. 1-2 күнде ақшасы шотына түседі.

Төлем бекітілген азаматтар мынадай порталдар арқылы өтініш берген:

– 700 мың кісіге 42500 автоматты түрде аударылған. Олардың жұмысы тоқтап тұрғаны немесе әлі де болса, ақысыз отпускте екендігі мем.мекемелерге белгілі. Сондықтан, ондай азаматтарға — “Қазір де табыссыз отырсыз ба” деген смс жіберіліп, иә деп, келісім бергендеріне бірден төлем тағайындалған;

– 271,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы өтініш берген;

– 50,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы өтінім тастаған;

– 44,8 мың адам банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

– 15,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– Бизнесі тоқтап тұрған жеке кәсіпкерлерден 350,6 мың өтініш түскен.

Нұрбек Бекбау

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар