//

Алматы қаласында дезинфекцияны кімдер жасайды (жалғасы)

6213 рет қаралды

www.minber.kz сайты коронавирус пандемия кезіндегі сатып алуларды зерттеуді жалғастырады. Дезинфекция жасау үшін Әуезов ауданына 411 миллион теңге бөлінсе, Жетісу ауданы үшін 104 миллион теңге бөлінген. Ал қоғамдық көліктерді зарарсыздандыру үшін 360 миллион теңге бөлінген.

“Professional group-KZ” ЖШС мен “Газатор защита хлебопродуктов” екеуінің электронды адресі бір

Алматының Әуезов ауданын дезинфекциямен қамтамасыз етуді “Professional group-KZ” ЖШС өз мойнына алады. Мемлекеттік сатып алулар порталыңда бұл мекеменің биыл жасаған 11 келісім шарты бар. Оның төртеуі  “Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жасалған. Барлық келісім шарттың құны – 411 миллион теңгеден асады. Оның екеуі негізгі келісім шартпен орындалса, екеуі қосымша келісіммен жүзеге асырылуда. Алғашқы келісім шарт наурыздың 26-сында 68 миллион теңгеге жасалса, бұл келісім шартқа қосымша келісім Мамырдың 4-інде 67 миллион теңгеге жасалған. Бұл қызмет орындалды деп тұр. Келесі қызмет Мамырдың 14-інде 138 миллион теңгеге Әуезов ауданында көп пәтерлі үйлерге дезинфекция жасау қызметі үшін негізгі келісімге отырады. Көп кешікпей Маусымның 30-ында 135 миллионнан астам теңгенің қосымша келісімін жасаған. 

 Порталдағы мәліметтерге сүйенсек, “Professional group-KZ”

ЖШС-ның негізгі қызметі дағдарыс орталықтарын ыстық тамақпен қамтамасыз ету болған көрінеді. Мемлекеттік сатып алулар порталында 2016 жылдан тіркеуде. Порталда көрсеткен электронды мекен-жайы – toogazator@mail.ru. Дәл осы адресті Алмалы ауданында көп пәтерлі үйлерге дезинфекция жасайтын «” ГАЗАТОР – ЗАЩИТА ХЛЕБОПРОДУКТОВ” ЖШС да көрсетіп отыр. 2014 жылдан бері салық төлеп келе жатқан бұл мекеменің ең көп салық төлеген жылы 2016 жыл, миллион теңгеге жуықтайды. 

“IC Development Production” ЖШС 500 миллион теңгеге келісім шарт жасаған

Алматы қаласы Жетісу ауданындағы дезинфекция жұмыстарын жасайтын “IC Development Production” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тек биылға дезинфекция жұмыстарын жасау үшін 500 миллион теңгенің келісім шартын жасаған. Бұл мекеменің дезинфекциялық жұмыстарын үш бағытқа бөліп қарастыруға болады. Алматы қаласы Жетісу ауданында орналасқан көп пәтерлі үйлердің кіреберістерін дезинфекциялық өңдеу қызметтері, Алматы қаласы автобустарды және транспорт инфрақұрылымын дезинфекциялау, метрополитен аумағын дезинфекциялау, тиісінше “IC Development Production” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дезинфекциялау қызметі бойынша үш мекемемен келісім шартқа отырған. “Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 104 миллионнан астам теңгенің келісім шартын жасаған. 

“Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 360 миллиондай теңгеге келісім шарт жасаған. Оның алғашқы 120 миллиондайы негізгі келісім шарт болса, қалған 240 миллиондайы қосымша келісім арқылы жүзеге асырылған. Бұл сомаға олар қоғамдық көлікке зарарсыздандыру жұмысын жүргізуі тиіс. Ал Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Метрополитен” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен жасаған 34 миллионнан астам сома метро транспортын зарарсыздандыру үшін жасалған.

“IC Development Production” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік сатып алулар порталында тіркелген уақыты 2020 жылдың мамыр айы. 2015 жылдан салық төлеп келеді. Ең көп салық төлеген жылы 2017 жыл, 20 109 290 теңге. 

(жалғасы бар)

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі