/

Арнайы құжатсыз дәрі-дәрмекті Қазақстан тарапы қабылдай алмайды

1330 рет қаралды

www.minber.kz сайты Түркия қазақтарының гуманитарлық көмек ретінде сатып алған дәрілердің кеденнен өтпей қаңтарылып жатқаны туралы жазған еді. Сол кезде Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы:

Дипломаттар басы-қасында болды. Біріншіден, жүкке ілікпей қалған дәрі-дәрмектердің ешбірісінің өндірістік сертификат құжаттары болмады. Қазақстан сынды Түркияда да сырттан келген әрбір заттың сертификатын талап етеді. Сондықтан өкінішке орай, оны ұшаққа жүктеуге рұқсат берілмеді. Eкіншіден  қалып қойған дәрі-дәрмектің салмағы 1 тонна емес. Шамамен 150 кг. Үшіншіден, бұл дәрілердің құжатын электронды түрде алуға болады екен. Мен СК Фармациямен хабарласып, электронды құжаттар қабылданатын болса, сондай жолмен жіберуге болатын шығар деп ойлап отырмыз, –  деп жауап берген еді.

Бүгін дәрілердің сертификатын электронды жолмен рәсімдеуге болмайтынын айтып, елші өзі хабарласты.

Бүгін қандастарымыз жинаған дәрі-дәрмектердің Қазақстанға жеткізу үшін қажетті өнім анализінің сертификатын қалай алуға болатын жолдарын сұрап білдім. Дәрі өндіруші компания, аптека иелері, экспорттаушылар және ең соңында түрік Денсаулық сақтау министрлігі, өкінішке орай, мұндай құжат тек қана дәрі шығарушы компания немесе оның ресми таратушы компаниясына берілетінін айтты. Азаматтар немесе басқа ұйым, компанияларға мұндай құжат берілмейтінін білдірді.

Өзіңіз де түсінетін шығарсыз, дәрінің сақталу шарттары, қанша уақыт сақталғаны және тасымалдану шарттары дәрінің сапасына, ол да адам денсаулығына тікелей қатысы бар. Осы себептен, дәріні сыртқа шығару қатаң тәртіппен жүргізіледі, – делінген елшінің жауабында.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі