//

Түркия қазақтарының гуманитарлық көмегі неге қаңтарылып тұр?

469 рет қаралды
1

Қазақстанға келіп жатқан гуманитарлық көмектің бір парасын шетелдерде тұратын қандастарымыз ұйымдастырып, жолдап жатқаны белгілі. Солардың бірі – Түркиядан жеткен көмектер. Түркиядағы қазақ диаспорасының өкілдері келген 11 тонна көмектің бір тоннасын өз мойындарына алған.

“Түркиядағы қазақтардың гуманитарлық көмек жеткізуіне мұрындық болған  Абдул Жапар Ұшар мырза.

Қазақстандағы ағайындарымыз дәрі дәрмек таппай жатыр екен, жағдай оңай емес көрінеді, соларға бір қолдау көрсетпесек болмайды. Коронавирус дәрісі болса, тым қауіпті ауру емес. Оны жеңуге болады, – деп іске білек сыбана кіріскен еді дейді Жапар Ұшардың әріптесі Қызырхан Шолпан.  – Сөйтіп қазақстандық бизнес құрылымдармен байланысып, гуманитарлық көмекті ұйымдастыруды қолға алдық. Бұл көмекті ұйымдастыруға қол ұшын созғандар Ахмет Йассауи қоры, Катеад қоры және Америка, Еуропада тұратын қазақ ағайындары. Әлем қазақ бизнесмендер одағы. Қазақстанда бұл көмекті Алматыдан Астанаға ұшып барып, таңғы сағат үште қарсы алған Дүниежүзі қазақ қауымдастығының төралқа мүшесіСерхан Динштүрік,  Катеадтің төрағасы Ертолқын, орынбасары Ерол Йолжы, солар үлкен үлес қосты. Аппараттарды алуға көмектескен Айнұр Тұрсынбаева, Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи атындағы университетте білім алған отыздай түрік жігіті, отыздай аппарат жіберді. Өздері елге барып емдеуге көмектескісі келді. Бірақ келе алмады.

Өкінішке қарай, осы гуманитарлық көмектің  бір тоннаға жуық дәрі дәрмегі әуежайдан қайтып келді. Себебін сұрап білсек,  Түркия тарапы айтады Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі қабылдамады деп, Қазақстан тарапы айтады Түркия жібермей ұстап отыр деп. Қайсының сөзі рас екенін білмей біз отырмыз. Сөйтіп бір тоннадай жүкті қоймаға қойдық. Қазақстанда дәрі дәрмекті сатып жүргендердің әрекеті емес пе деген күдік пайда болып отыр, – дейді Қызырхан Шолпан.

Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы бұл мәселеге былай түсініктеме берді:

– Алдымен Түркиядағы қазақ қандастарымызға қол ұшын беріп, жасаған жақсылықтарына дән ризамыз. Дипломаттар басы-қасында болды. Біріншіден, жүкке ілікпей қалған дәрі-дәрмектердің ешбірісінің өндірістік сертификат құжаттары болмады. Қазақстан сынды Түркияда да сырттан келген әрбір заттың сертификатын талап етеді. Сондықтан өкінішке орай, оны ұшаққа жүктеуге рұқсат берілмеді.

Eкіншіден  қалып қойған дәрі-дәрмектің салмағы 1 тонна емес. Шамамен 150 кг.

Үшіншіден, бұл дәрілердің құжатын электронды түрде алуға болады екен. Мен СК Фармациямен хабарласып, электронды құжаттар қабылданатын болса, сондай жолмен жіберуге болатын шығар деп ойлап отырмыз.

 

1 Comment

  1. Біздің үкімет халыққа қолдан геноцид жасап отырған жоқ па деген күдік келіп отыр. Сөзім жоқ.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Бангидегі қандасымыз: Африкада карантин болғанымен, халық көшеде өріп жүр. Себебі, кедей елдің тұрмыстық тауқыметі үйде отыруға мүмкіндік бермейді

“Қазақстандағы өзге ел студенті: біз ата-анамызбен тезірек қауышқымыз келеді” атты мақаламызда Африкадағы қандасымызлың сұхбат беруден бас