Бүгін Қазақ Республикасына 100 жыл толды

950 рет қаралды
Сурет: sputniknews.kz

1920 жылы 26 тамызда тарихи құжат қабылданып, Қазақ Республикасы құрылды. Бүгін осы атаулы күнге 100 жыл толып отыр.

Тәуелсіздіктің бастауы болған «Алаш» қайраткерлерінің бұл ерлігін бүгінгі ұрпақ жете түсінбейді.

ҚР БҒМ Ғылым комитеті мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл: “Ленин және большевиктердің қазақ автономиясын қалыптастыру және оның шекарасын белгілеу үдерісіндегі рөлін асыра бағалауға және асыра төмендетуге болмайды. Автономия жариялау, шекараны белгілеу Ленин басқарған партияның сыйы ретінде қарауға болмайды. Бұл екі тараптың саясаты және Алаш көсемдерінің дәйекті ұстанымдарының мақсаты. Алаш көсемдері ұлттық, егемендік мақсатын жүзеге асыру үшін өздерінің рухани идеалдарын және өмірлерін құрбан етті” дейді.

Кеше осы атаулы күнге орай ғылыми конференция өтты. Жиында Бақыт Смағұлов алаш тақырыбын Әлихан Бөкейхан есімімен қатар көтеруді ұсынды.

“Алаш – қазақтың төл тарихы. Алашорданың өзі күнбатыс, күншығыс, орталық Қазақстанды қамтыды. Бір кездері алаштың қазаны қайнаған Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы алаш мәселесін әлі де көтеру керек. Кейінгі кезде тарихшылардың дені тарихты әрқайсысы өз жағына тартқыш болып кетті. Біз алаш мәселесін енді ғана көтеріп жатырмыз, мұндай сәтте жершілдікке жол беруге болмайды. Алаш тарихын қозғаған кезде Әлиханды қашан да биік ұстауымыз керек. Алашорданы Әлиханнан бөліп қарастырсақ, тарихқа қиянат болады. Әлиханның көсем ретіндегі идеясын ұстану арқылы қазақтың ортақ мүддесін қалыптастыра аламыз”, – деді Смағұлов.

Айта кетейік, Қазақ Кеңестік социалистік Республикасы 1920 жылы 26 тамызда құрылды. Бастапқыда ол Қырғыз АКСР деп аталды, 1936 жылы одақтас республикаға айналды. 2020 жылы Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері