//

Қазақстандағы Моңғолия студенттері елдеріне қайтады

421 рет қаралды

Құрметті оқырмандар, біз Моңғолия елінің азаматтары Қазақстаннан карантинге байланысты қайта алмағаны жайлы жазған едік. Жақсы жаңалық барын хабарлаймыз. Қазақстанда жүрген Монғолия азаматтарын елге қайтару үшін Монғолия Үкіметі Қазақстанға ұшақ жіберетінін ресми мәлімдеді.

Жақында Монғолияда өткен Парламент сайлауында жеңіске жеткен қандасымыз – Монғолия Парламентінің мүшесі Тілеуханұлы Әубәкір тамыздың 4-күні Монғолия Үкіметі басшысының орынбасары Я.Содбаатармен кездесті.

Парламент мүшесі Тілеуханұлы Әубәкір карантинге байланысты Қазақстанда қалып қойған отандастарын Монғолияға қайтару жөніндегі  депутаттық сауалын Мемлекеттік төтенше комиссияға 7-шілде күні берген болатын. Кездесуде осы ресми хаттың жауабы сұралды. Сонымен қатар Қазақстанға тағы да ұшақ ұшыру жөніндегі азаматтардың өтініш талаптары жеткізілді.

Монғолия үкімет басшысының орынбасары Монғол елі әлем елдеріндегі өз азаматтарын елге әкеліп жатқан жұмыстары туралы баяндады. Және де тамыздың 22-нен Қазақстанға тағы бір рет ұшақ ұшыратынын ресми мәлімдеді.

 

Т.Әубәкірдің Facebook парақшасынан алынды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Мағауия Cарбасов, “Отандастар” қорының вице-президенті: Қандастарға Қазақстан азаматтарымен бірдей мәртебе беретін “Қазақ куәлігін” дайындап жатырмыз

 Еліміз үшін шетелдегі қандастарымызбен мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас өте маңызды. Өзге ел қазақтарына қолдау көрсететін  “Отандастар қорына” карантин

Алмат Қодасбаев, Алматы Кардиология орталығының директоры: Біздің адамдардың көбінде Қазақстан медицинасы туралы түсінік сонау 90-шы жылдардың деңгейінде қалып қойған

Жүрек қан-тамыры аурулары әлемде ең кең таралған дерттің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл

Еңбекшіқазақ ауданының ұстаздары: Интернеттің жылдамдығы нашар, бұл оқуға кәдімгідей кедергі келтіріп отыр

« – Камераны қос.                                                                                                           – Микрофоныңды өшір.                                                                                                         – Сендер көпсіңдер, мен