///

“Жалпы білім” қоры дегеніміз не? Ол бюджеттен бөлінетін міндетті көмек пе, әлде… Ал кейбір мектеп бұл көмек жайынан неге бейхабар?

22540 рет қаралды
фото: www.kk.atomiyme.com

www.minber.kz сайты “Көп балалы аналар қашықтан оқуға дайын ба?” атты материал жариялаған еді. “Мінбердің” инстаграм парақшасының тікелей эфирінің қонағы “Талбесік” көп балалы аналар одағының жетекшісі Ләззат Қожахметова көп балалы аналарға тиесілі көмектер жайында баяндаған болатын. Соның бірі – халық арасында “всеобуч” аталып кеткен “жалпы білім беру” қорынан тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға мектеп қорынан төленетін көмектер жайында еді.

Жақында елордадағы жағдайы төмен отбасылардың балаларына 40 мың теңгеден берілетіні туралы ақпарат шықты. Ал өңірлерде бұл мәселе қалай шешіліп жатыр? Мәселен, “Мінбер” сайтының редакциясына хабарласқан  Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны Гаухар мектепте “всеобуч”  туралы ештеңе білмейтінін, тек “Мектепке жол” акциясына  қатысуға кеңес бергенін айтып хабарласты. Біз мектептің социологына хабарласып, мән-жайды түсіндіргеннен кейін, бұл мәселеге орай мектеп директорының өзі хабарласатынын айтты. Біраздан кейін мектеп директоры Жансая Құттымұратқызы қоңырау шалды. Алайда, мектеп директоры “всеобуч” туралы естімегенін, мұнда “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының “Мектепке жол” акциясы бойынша көмек көрсетуге болатынын айтты.

Ал, жылда ыстық тамаққа бөлінетін ақша биыл компьютерлер мен ноутбуктер сатып алуға жұмсалмақ. Қазір ауылда 250-ге жуық отбасы компьютерге мұқтаж екендігі айқындалды, – деді ол.

Ал Түпқараған аудандық білім бөлімінің бастығы Айбаршын Қуанышқалиқызы “Мектепке жол” акциясы мен “жалпы білім” қорынан төленетін жәрдемақының екі түрлі дүние екенін айтты. Оның айтуынша, бұл қаржы әрбір мектептің бюджетіне сай жасақталады. Сондықтан нақты қанша қаржы бөлінгенін және әр балаға қаншадан көмек беру жоспарланғанын нақты дөп басып білмейді.

Бұл әуелі ыстық тамаққа және бір реткі киімге бөлінетін қаржы. Қазір ол ақша әрбір мектептің бюджетінде қарастырылған. Балалар дәстүрлі оқуға көшкеннен кейін, бұл көмекке лайық деп саналған балаларға береміз деп жоспарлап отырмыз. Бұл көмекті алатындарды мектептің өз комиссиясы анықтайды, – дейді ол.

Айбаршын Қуанышқалиқызының мәліметін Маңғыстау облыстық Білім бөлімі басқармасының қызметкері де растады.

Иә, “жалпы білім” қорынан табысы төмен отбасыларға бөлінетін жәрдемақы туралы ҚР Үкіметінің №64 Қаулысы бар. Ол Қаулы бойынша әр мектептің бюджетінің 1%-і  осы мақсатта жұмсалуы тиіс. Маңғыстау облысында бұл қаржы негізінен ыстық тамақ пен мектеп формасына жұмсалып келген. Аталған Қаулыда “обмундирование” деп тұр. Демек, кез келген киім емес, мектеп формасына жұмсау туралы айтылған. Сондықтан, бұл қаржы бөлінген, қорда бар, дәстүрлі оқуға көшкен кезде ғана жұмсау көзделіп отыр.  Қазір біз мектеп мұғалімдері мен оқушыларды техника мен интернетпен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз. Ал Нұр-Сұлтан қаласында не үшін 40 мың теңге бөлініп жатқанын түсінбедік, – деді ол.

Сонымен “всеобуч” дегеніміз не:

Бұл жәрдемақы 2007 жылдың 27 шілдесіндегі ҚР “Білім туралы” туралы заңына орай ҚР Үкіметінің 2008 жылдың №64  Қаулысымен бекітілген. Заң бойынша “Жалпы білім” қорына жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы жалпы білім беретін мектептердің жылдық бюджетінің бір процентінен кем болмауы керек. Кейбір өңірлерде бюджеттің 2,5 тіпті 3 пайызына дейін аударылып келген. Мәселен, Қарағанды облысы 2019-2020 оқу жылында орта білім беретін мектептердің бюджетінің 2,5 пайызын бөлген, соның арқасында тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардың балалары 30 мың теңгеден жәрдемақы алған.

“Жалпы білім” қорынан жәрдемақы алу үшін өзін бұл көмекке лайық деп тапқан ата-ана мектеп басшылығына  өтініш бере алады.

Көмек алуға кімдер үміткер бола алады:

  • Мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балалары;
  • Атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, алайда отбасының табысы адам басына шаққанда күнкөріс минимумынан төмен отбасылар;
  • жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, алайда отбасында өмір сүріп жатқан балалар;
  • төтенше жағдай салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары;
  • Білім басқармаларының коллегиальды органдары шешімімен лайық деп танылған өзге де білім алушылар мен тәрбиеленушілер.

“Жалпы білім” қорынан берілетін қаржы не үшін беріледі: 

  • киім-кешек алуға, оқулықтар мен оқу құралын және мектепке қажетті кеңсе заттарын сатып алуға;
  • мектепте ыстық тамақтар беруге;
  • қаржылай көмек көрсету;
  • санатория-курорттық ұйымдар мен демалыс лагерьлеріне жолдама беру;
  • мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға қатысу үшін беріледі.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері