Covid-19 жанама әсерінен қайтыс болғандар тізімі жаңарды

1416 рет қаралды

Қазақстан Үкіметі 44 күн өткенде БАҚ өкілдерінің талап етуінен кейін коронавирустың жанама әсерінен қайтыс болып, жалпы статистикаға енбей қалғандардың саны туралы деректі жаңартты. Бұл туралы The Qazaq Times басылымы жазды.

Астанадағы ОртКом қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов 23 шілдеден бері белгісіз болып келген, бойынан вирус табылғанымен, ілеспе-жанама аурудан қайтыс болғандардың саны 237-ге артқанын мәлімдеді.

Соңғы мәрте бұл дерек осыдан 44 күн бұрын 319 болғаны айтылған. Қазіргі таңда жалпы есебі 556-ға жеткен. Ресми статистикаға сәйкес, коронавирус пен оған ұқсас пневмонияның салдарынан 1 917 қазақстандық (U07.1 – 1 612, U07.2 – 305) өмірден өткен.

Бұдан өзге 556 адамды қоса есептегенде, вирус жұқтырып қайтқандардың жиынтық саны 2 473 болады. Ал билік мойындаған науқастардың жалпы есебі 132 мыңнан асқан.

QT редакциясы көп айтыла бермейтін, сол себепті көлеңкеде қалып қоятын құрбандардың дерегін  пандемия басталғалы бері ДенМиннен тұрақты түрде сұратып келеді. Дегенмен министрлік ешбір түсіндірмесіз кешіктірген немесе жауапсыз қалдырған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі