//////

Еңбекшіқазақ ауданының Білім бөлімі қанша техника сатып алды? Аудандық ата-аналар неге шу шығарды?

4336 рет қаралды
фото: 31-арна

31-телеарнаның “Информбюро” бағдарламасының 1 Қыркүйектегі шығарылымында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының ата-аналары қашықтан оқуға мүлдем дайын емес екендіктерін айтып, аудан әкімінің кеңсесіне келгендігі туралы мәлімдеді. Үйінде 3-4 бала оқитын ата-аналар балаларының бір телефонға телміріп отырғанын, тіпті кейбірі телефон өзіне қажет болған соң, алып кеткенін, ал балалары алғашқы қоңырауға қатыспағанын айтып дабыл қақты. Аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев аудандағы көп балалы аналарға 2 мыңнан аса компьютер берілетінін, облыстан 5400 компьютер келетінін айтты. Біз өткен аптада Алматы облысының Білім басқармасының 44583 ноутбук,  7508 планшет және 5795 компьютер сатып алуды жоспарлап отырғанын айтқан едік. Оның үстіне аудан әкімі меценаттардың да көмектесіп жатқандығын сөз етті.

Біз осы ретте Мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің жаңа оқу жылына қанша техника сатып алғанын сарапқа салып көрдік.

Аудандық білім бөлімі 39 миллион 960 мың теңгеге 222 ноутбук сатып алған. Бір ноутбуктың құны – 180 мың теңге. Ал Тамыздың 25-інде 505 миллион 925 мың теңгеге 2891 компьютер сатып алу жоспарланған. Бір компьютердің құны – 175 мың теңге.

Өнім беруші жеке кәсіпкер “SKYCOMP”. Бұл компания мен аудандық білім беру басқармасы арасында 2020 жылы 10  келісім шарты бар. Бірақ 505 миллион тұратын екі келісім шарт екі жақты келісім бойынша бұзылған. Қалған сегіз келісім шарттың екеуін жоғарыда атап өттік. Қалған алтауы Телекоммуникациялық жабдықты және аппаратураны орнату бойынша жұмыс / монтаждау / демонтаж, VPS-ті жалға беру, картридждерді қалпына келтіру жұмыстары, компьютерлерге техникалық тұрғыдан қолдау көрсету. Мәселен, 23 миллион 240 мың теңгеге монтаждау және демонтаж жұмыстарын жасауды мойнына алған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері