//

Карнеги қоры: Коронавирус Орта Азия елдеріндегі жемқорлық мәселелерін паш етті

2038 рет қаралды
Сурет: EADaily

Халықаралық бейбітшілік жөніндегі Карнеги қоры (Carnegie Endowment for International Peace) Коронавирус инфекциясы Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау саласының жемқорлыққа белшесінен батқанын, әрі ештеңеге дайын емес екендігін танытты деген мәлімдеме жасаған.

«Орталық Азия елдері өзге көршілері секілді COVID-19 құрбандарының санын әлдеқайда азайтуына болар еді. Алайда пандемия аймақтағы ежелгі құрылымдық және басқару проблемаларын паш етті.   COVID-19 жемқорлыққа белшесінен батқан қоғамдық денсаулық сақтау саласының дайын еместігін әрі төтенше жағдайға төтеп беретін жүйенің жоқтығын танытты», – делінген қор мәлімдемесінде.

Бастабында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан COVID-19 эпидемиясының таралуын барынша ұстап отырды, шекаралар жабылды, қарантин енгізілді. Дегенмен, вирус жұқтырғандардың саны тестердің аз болуы мен ақпараттың жабық болуына орай аз болған секілді.  Жабық экономиканың тасымалдау желісінің үзілгендігі еңбек мигранттарының шетелдерден оралуы, өзін өзі оқшаулау секілді мәселелер негізгі тауарлардың жетіспеуіне және қоғамдық наразылықтардың тууына алып келді.

«Саяси лидерлер зардап шеккен кәсіпорындар мен отбасыларға көмектесуге уәде берді, алайда ол көмектер өте баяу көрсетілді. Үш елдің Үкіметі де мамыр айында экономикасын жандандыруға асықты, алайда қайшылығы мол ақпарат кәсіпкерлерге кәсіпорындардың жұмысын қалай жандандыруға болатынын түсінуге кедергі келтірді. Бұның соңы COVID-19 пандемиясынан қорғану амалдарын көзге ілмеуге (әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска кию) алып келді», делінген аталған мәлімдемеде.

Қордың мәліметтеріне сүйенсек, Орталық Азия елдерінің құқыққорғау органдары қоғамдық қауіпсіздіктің негізгі шараларын қамтамасыз ете алмады, нәтижесінде көптеген адам өмірімен қош айтысуға тура келді. Оның орнына олар қоғамдық көңіл күйді бақылап, өзгеше ойлайтындарды іздеумен әлек болды.

«Үш мемлекет те бұдан да қауіпті екінші толқынмен күресуге күш жұмсап жатыр. Қазақстан вирус жұқтырушылар саны жағынан аймақта көш бастап тұр, тамыз айының соңындағы жағдай бойынша 105 мың науқас тіркелген, бұл статистикаға пневмония диагнозы қойылған тағы   230 адамды қосыңыз. Сол себепті де Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өте қиын кезеңді басынан өткізуде. Биліктің вирус жұқтырғандар санын жасыруы қоғамның наразылығын тудырып, жаңа президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың беделіне нұқсан келтіруде. – дейді Карнеги қоры.

Өзбекстан  41  мың адамның ауырғанын айтып отыр. Алайда халқының саны Қазақстаннан екі есеге артық бұл елде ауырғандардың саны мұндай аз болуы шындыққа жанаспайды.

«Денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық үкіметті тығырыққа тіреп отыр. Жаңа президенттің сөз бостандығын және мемлекеттік шенеуніктердің халықтың алдында есеп беруін  қамтамасыз етуге уәде бергеніне қарамастан, Ташкент COVID-19, туралы ресми ақпараттан өзге ақпараттың бәріне тыйым салып отыр», – делінген мәлімдемеде.

Қырғызстандағы жаппай кедейшілік пен басқару саласындағы проблема пандемияның кең таралуына жол ашты.

«Бұл елде қажетті медикаменттер мен қорғаныс заттарының жетіспеушілігі салдарынан халықаралық қауымдастыққа тәуелді. Жұқпалы ауру медицина қызметкерлері арасында және ауылдарда кең тарады. Волонтерлер пациенттерді күтуге жақсы дайындықтан өтпеді. Ақпараттандырудың жоқтығы пандемияның таралуына әсер етті, медицинаның және заманауи білімнің болмауы дәрігерлер мен пациенттерді халық емдеріне жүгінуге мәжбүрледі.

Дегенмен, көршілес Тәжікстан мен Түркіменстанға қарағанда, Қазақстан, Қырғызстан, және Өзбекстан бұл дағдарысқа шамасынша жауапкершілікпен қарады.

«Вирус наурыз, сәуір айларында келіп қойғанына қарамастан, Тәжік билігі оны жоққа шығарумен болды, сөйтіп бұқаралық шараларды өткізіп келді. Тәжік билігі тек сәуірдің соңында вирустың бар екенін мойындады. Бірнеше аптаның ішінде ауырғандардың саны бір адамнан мыңға дейін жетті»

Америкалық аналитиктердің ақпараты бойынша Түркіменстан әлі күнге дейін вирус жұқтырғандардың барлығын жоққа шығарады. Алайда, Түркімен журналистері мен құқыққорғау органдары елде пневмониямен ауыратындардың саны көбейіп кеткенін  айтып дабыл қағуда. Азық түліктің, аурухана төсектерінің және ақшаның жетіспеуі ресми ақпаратқа қарама қайшы.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар