///

Қарасай ауданы қашықтан оқуға қанша қаржы жұмсады? Көп балалы отбасылар неге интернетке қол жеткізе алмай жүр?

1851 рет қаралды
фото: Хабар24

КТК телеарнасындағы «Дау дамайсыз» бағдарламасының маусымашар шығарылымында Қарасай ауданының Қаскелең қаласының көп балалы тұрғынының бір телефонға телміріп отырғаны туралы мәселе көтерілді. Әрине хабар соңында аудандық әкімшілік бес балалы анаға бір ноутбук және бір планшет сыйлады. Әрине, бұл техникалардың кімнің есебінен алынғаны, кім сыйлап отырғаны айтылмады. Дегенмен, бұл бір ғана отбасының басындағы жағдай. Бірақ, дәл осындай жағдайға тап болған отбасылардың жүздеп, мыңдап саналатынын ескере отырып, жалпы   Қарасай ауданының қашықтан оқуға қанша қаржы бөлгенін сарапқа салып көрген едік.

Бағдарламадан түйгеніміз, Қарасай ауданында 51 мектепте 66495 оқушы оқып жатыр екен. Аудан әкімінің орынбасары Айжан Нұрділдәқызының айтуынша Облыстық бюджеттен 334 миллион теңгеге 761 ноутбук сатылып алынған.  Ал біз Қарасай аудандық Білім бөлімінен бөлінген қаржыға назар аудардық.

Мемлекеттік сатып алулар порталындағы мәлімет бойынша Қарасай ауданы үш өнім берушіден 3566 ноутбук сатып алған. Ең ірі өнім беруші “Device computers” ЖШС. Бұл компания 343 миллион 751 мың теңгеге 1987 ноутбук сатып алуға келісім жасаған. Келесі орында «Алатау прогресс КЗ» ЖШС тұр. Бұл компания 1494 ноутбукты  343 миллион 620 мыңға сатып алуға келісім жасаған. Ал, “Bilim media group” ЖШС 22 миллион 950 мың теңгеге  85 ноутбук сатып алған.

Үш компанияның бір ноутбукты сатып алу бағасы үш түрлі. Мәселен “Device computers” ЖШС бір ноутбукты 173 мың теңгеге сатып алса, «Алатау прогресс КЗ» ЖШС 230 мың теңгеге, “Bilim media group” ЖШС 270 мың теңгеге сатып алуды жөн көрген.

Жиыны Қарасай ауданы ноутбук сатып алуға 710 миллион 321 мың теңге жұмсаған.

Ал интернетке қол жеткізу бойынша қызметтер үшін де Қарасай ауданы Білім бөлімі қомақты қаржыны жұмсап отыр. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы бұл ретте ең ірі өнім беруші болып отыр. Қарасай ауданы Білім бөлімі мен «Қазақтелеком» арасында биыл алты келісім шарт жасалған. Оның екеуі – кең жолақты интернетке қол жеткізу бойынша қызметтер (36 миллионнан аса теңге), екеуі интернетке қол жеткізу бойынша қызметтер (32 миллионнан аса теңге) және қауіпсіз интернет қызметтері үшін 320 мың теңгенің келісім шартын жасаған.

Интернетке қол жеткізу қызметтері үшін аталған мекеме сондай ақ, «АSTEL» акционерлік қоғамымен 36 миллион 447 мың теңгеге келісім шарт жасасқан.

Интернетке қол жеткізу қызметтері бойынша Қарасай ауданы Білім бөлімі 105 миллион 848 мың теңге жұмсап отыр.

Сондай ақ аталған мекеменің білім беру бағдарламаларын қолдану үшін «Bilim media group» ЖШС-імен 30 миллион теңгенің келісім шартын жасаған. Оның 10 миллиондайы көктемде наурыз айында жасалса, 20 миллионы тамыз айында жасалған. Сонымен Қарасай ауданы Білім бөлімінің қашықтан оқуға бөлген ақшасы төмендегідей:

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері