//

Жемісін бермеген «Еңбек»: 750 миллиард теңге жұмсалған «Еңбек» әлеуметтік жобасы неге нәтижесіз?

2335 рет қаралды
Фотосурет авторы:  Investor v internete cайты

Еңбек пен халықты  әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4.8%. Бұләлемдік жұмыссыздықтың орташа деңгейінен (5,6%) анағұрлым төмен. Бұл көрсеткіштер Еңбек министрлігінің ойынша  жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жұмысының нәтижесі екен.  Әртүрлі атаумен әржылы «жүзеге асырылған»  бұл жобалардың жалпы бюджеті 750 миллиард теңгеге жетіп жығылады.  Бағдарлама көмегіне 2 миллионға жуық азамат жүгінген.  Алапат қаржы жұмсалған бағдарлама шынымен сәтті болды ма?  Әлде бұл сандарға сүйенген құрғақ статистика ма? Қалай болғанда да, Министрліктің өзіне де жобаны жүзеге асырушыларға да сарапшылардың пікірі мен айтар уәжі көп. 

Бүгінгі материалда экономика мен социология саласындағы бірқатар сарапшылардың «Еңбек»  жобасына қатысты пікірі мен сыни уәждерін назарларыңызға ұсынамыз.

 

  «Еңбек»  жұмыспен қамту бағдарламасы дегеніміз не?

Халықты жұмыспен қамтудың алғашқы жобасы 2011 жылы жасалған «Жұмыспен қамту-2020» болды. Екі жылға созылған жоба реализациясына 95 миллиард теңге жұмсалды.«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» алдыңғы жобаның жалғасы ретінде 2013-2016 жылдары жұмыс істеп, 360 миллиард теңгені игерді.

Қазір «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жобасы жұмыс істеп тұр. Жоба бойынша жыл соңына дейін  381 миллиард теңгені игеруді жоспарлап отыр.

Осынша ауқымды жоспар жасалғанымен нәтиже көрсеткен,  білікті  кәсіпкерлердің қарасы көрінбейді. Бірақ, бір ай оқып ақша алып, онымен басқа кредитін жапқан, той жасап жаратқан, машина алған  «кәсіпкер» таныстан көз сүрінеді.

Желге ұшқан қаражат

 2011-2020 жылдары жұмыспен қамту жобасына  750 миллиард теңге жұмсалған, 1 миллион 768 мың адамды қамтыған. Бір адамға шаққандағы  қаржы мөлшері көршілес Ресейдегі ұқсас бағдарламамен салыстырғанда 5 есе көп болып шықты. Мұның себебін түсіндіру қиын. Екі ел арасындағы жұмыссыздық деңгейіндегі алшақтықтың бар екені рас (6,2% Ресей). Бірақ бұл 5 есе көп қаржы жұмсауға себеп болардай алшақтық емес.

Біздің үкімет барлығын «ақшамен бітеу» дейтін заңдылыққа сүйенетіндей. Құйылып жатқан ақшаның қашан бітері белгісіз. Белгілісі қазынаның түпсіз тұңғиық емес екені… Әр күн сайын мемлекет  жаңа бір шығынды жоба бастап жатқанын жариялайды. Миллиардтаған бюджеті бар жобалардың нәтижесі Ұлттық қордан шыққан әкімшілік шығындар ғана.

Аналитик Джалил Чариповтың ойынша 2011 жылдан бері келе жатқан жұмыспен қамту жобалары еш нәтиежекөрсеткен жоқ. Біз жобаға жұмсалған ірі суммаларды  көрдік. Оны 5-ке көбейте беріңіз. Бұл жобаныұйымдастырып,  жүргізгендердің жалақысы.  Қаншама мелекеттік фондтар қаражаты мен қаншама уақытжұмсалды десеңізші…

«Кез келген мемлекеттік жобаны аудан, аймақ, облыс деңгейінде пилоттық жоба ретінде сынап барып, Ресейден 5 есе көп қаражат жұмсайық. Себебі, қанша «бай» ел болсақ та қалтамыздың шамасы қаншаға жетері белгісіз», – белгісіз дейді Ekonomist.kz жобасының жетекшісі Касымхан Каппаров.

Жалпы Ішкі Өнімнің деңгейін арттыру неге сонша маңызды?

 Жылына ондаған, жүздеген миллиард қаражат жұмсалып жатыр, алайда, жоба нәтижесін көрсететін сапалы индикатор жоқ. Жоба нәтижесінің көрсеткіші ретінде жұмысқа тұрғандар саны мен жұмыссыздық деңгейі айтыла береді. Шындығында бұл жұмыс тапқанның бәрі жобаның арқасында ма? Жұмыссыздықтың деңгейі төмен болуының экономикаға неге кері әсер ететінін тәуелсіз зерттеуші Данияр Молдоканов түсіндіріп берді.

Жоба нәтижесінде көрсетілген жұмыспен қамтылғандар туралы есеп шыққан кездегі мемлекеттік органдар логикасын түсіну қиын. Жалпы 1.6 миллион адам жұмысқа тұрған деген есеп бар. Елімізде жылына миллионнан астам адам жұмысқа орналасқанымен жұмыссыздық деңгейі неге бір орында тұр деген сұрақ пайда болады.

Бұл сұраққа жауап  табу қиын емес. Еліміздегі 2,8 миллион адам жұмыс істейтін  ірі және орта кәсіпорындардан жылына 1 миллионы жұмыстан шығып, басқа біреуіне жұмысқа тұрады. Сонда әр жыл сайын бұл кәсіпорындар арасында 1 миллионнан астам адам алмасып жүреді. Ал жұмысқа орналасқан азаматтар туралы статистика қалыптастырған кезде біз адамның бір мекемеден жұмыстан шыққанын ескермейміз, тек басқасына орналасқанын есепке аламыз. Осылайша,  бар болғаны кәсіпорындар арасында алмасып жүргендерді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек» жобасының нәтижесі ретінде көрсетеді.

Әлі де « Жобаның нәтижелі жүзеге асырылуының арқасында жұмыссыздық деңгейінің төменгі көрсеткіші ментжұмысқа орналасқандар саны миллионнан астам» дейтін министрлік есебіне сенесіз бе?

Жұмыспен қамтудың жалған иллюзиясы

 Біздегі жұмыссыздық деңгейі кез келген экономикалық  теорияларға бағынбайтын тұрақтылықты  көрсетіп отыр. Екінші жағынан жұмыссыздық деңгейінің төмен болуын еліміздің экономикасы Жалпы Ішкі Өнімнің потенциалды даму деңгейіне жақындап келе жатқанымен түсіндіруге болатын шығар.  Бірақ,  бұл мақтанатын жағдай ма?

Білетіндер бұл мақтаныштан гөрі ЖІӨ потенциалды даму деңгейінің мөлшерін арттыру қажеттігінің ескертпесі дер еді. Олай болмаған жағдайда жұмыспен қамтылғандар саны сол деңгейде қалады. Ал табыс пен жалақы тек«номиналды» түрде өсіп, шынайы табыс пен жалақының өсімі өте төмен болуына немесе мүлде өспеуіне алып келуі мүмкін. Тарихта бұның  соңы неге апарарының екі нұсқасы бар: Бірі өте ұзақ созылмалы дағдарыс. Ал екіншісі сол шектік мөлшерді тесіп шығу. Бізге сол шекті қалай тесіп шығуды ойлау керек.

 «Біздегі шынайы жұмыссыздық деңгейінің анағұрлым жоғары екенін мойындап, шындығында немен айналысып жүргенімізге талдау жасауымыз керек. Біз бұл әрекеттерді орындамайынша «Еңбек» сияқты жобалардың барлығы бүркемеленген, жұмыссыздарға төленіп жатқан әлеуметтік көмек қана»

Мемлекеттік жоба аясындағы кредиттік жүйе жұмысындағы «соқыр»  нүктелер 

Жобаның аясындағы кредиттеу жүйесіне қатысты көптеген сұрақтар туындайды. Бірінші кезекте кредит алу үшін  алдымен арнайы курсты оқып  шығу қажет. Курстың ұзақтығы – бір ай. Ал бұл айына 28 мың теңге (әлеуметтік әлсіз топ өкілі болып саналатын адамның кіріс мөлшері) табыс кіріп тұрған адам бір айға жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтатуы  қажет деген сөз.

Бұдан бөлек кредиттік іріктеу жүйесінің жұмысы түсніксіз. Бір орынға 40 адам өтініш береді. Конкурс барысында қандай тест өткізіледі, жауаптары жариялана ма, конкурстан өтпей қалған жағдайда шағымданып, аппеляция жасау мүмкіндігі бар ма? Кредит кімдерге бірінші беріледі?  Бір ай табысынан бас тартып, тәуекелге барып отырған азаматтар үшін  қаншалықты ақталған қадам?

Бұл кедергілердің бәрін ескерсеңіз «әлеуметтік әлсіз топ өкілінің» бейнесін елестету қиын. Жоба шыныменәлеуметтік әлсіз топтың әлеуетін көтеруге жұмыс істеп жатыр ма?

Сенімсіз кредиттік ұйымдар мен мақсатсыз жұмсалған Ұлттық қор қаражаты

Жоба бюджетінің 47% микро кредитке жұмсалып жатыр. Бұл 2011-2018 жыл аралығында 54,2 мың адам кредит алған.«Еңбек» жобасының аясындағы кредиттік ұжымдардың 43,1% деңгейі қанағаттандырарлықтан төмен, 35,4% банкрот болуға жақын деңгейде. Бар болғаны 21,5% ғана сенімді көрсеткіштерге ие.

Бұл кредиттік ұйымдарда заң бұзушылықтар мен қазына қаражатын мақсатсыз жұмсау фактілері көптеп тіркелген. 2016-2018 жылдардағы прокуратураның жүргізген тергеу нәтижесі бойынша жалпы сомасы 1,8 миллиард болатын 930 негізсіз кредиттеу әрекеті тіркелген. 1,3 миллиард теңге жобаға тіркелмеген субъектілерге заңсыз берілген. 180 кредит (553 миллион теңге) мақсатсыз қолданылған.  300 субъект кредит алған соң жұмысын дереу тоқтатқан.

Бұл қаржының барлығын ескерер болсаңыз, бізге мемлекеттік жобаның шикі ботқасының қанша тұратынын түсінесіз. Әлгі «неге Ресейден 5 есе көп қаражат жұмсалды?», – дегеннің де жауабы пайда болады.

Нан табуды үйретудің  орынына бір реттік нан таратқан жоба

Айдархан Кусаинов,  экономист:  «Бағдарлама бойынша ауыл азаматтарын құрылысшы,  дәнекерлеуші сияқты мамандықтарға баулығанына айтарым жоқ. Қолдауға тұрарлық бастама. Алайда, ақпараттық технологиялар мен хайтек, фриланс туралы әңгіме айтқаны біртүрлі. Бұл бағдарлама нанотехнология мен хайтекке емес қарапайым халықты жұмыспен қамтуға бағытталуы керек жоба.

Бізге жұмыс күшінің білім деңгейін 80% жоғарғы білім деңгейіне жеткізу керек емес.  Бізде ондай мамандар үшін жұмыс орындары жоқ.  Осындайда бізде еңбек нарығы экономиканың айнасы екенін ескермейді».

Қазақстандағы «ағымдағы еңбек сұранысы» 10 жылдан бері тұрақты. Бұл мемлекеттік сектор мен өндірістегі 2,8 миллион адам. Одан көп сұраныс болу үшін экономикалық саясат жүргізілуі керек. Сауатты экономикалық саясат жүргізбейінше кімді болсын үйретіп, қаржыландырып, күштей беруге болады. Егер сұраныс болмаса жұмыс та жоқ.

«МҰҒАЛІМДЕРДІ КӘСІПКЕР БОЛУДЫ ҮЙРЕТЕДІ ДЕГЕН ОЙ КЕЗ КЕЛГЕН КӘСІПКЕРГЕ  САНДЫРАҚ СЕКІЛДІ ЕСТІЛЕДІ. СЕБЕБІ, КӘСІПКЕРЛІК МАМАНДЫҚ ЕМЕС, КӘСІПКЕРЛІК-ШЕБЕРЛІК. ӨЗІҢЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН ТӘУЕКЕЛ ЖҮГІН АЛА БІЛУ. ЕГЕР АДАМ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛУҒА ДАЙЫН ЕМЕ БОЛЫП, КӘСІПКЕРЛІКТІ ҮЙРЕНЕР БОЛСА, КӘСІПКЕРЛІКТЕН БАСҚАНЫҢ БӘРІН ҮЙРЕНУІ МҮМКІН»

Бұл мемлекеттік жобаға қойылған сұрақтар мен айтылған сыни пікірдің бір ұшы ғана. Біздің «еститін үкімет» өкілдері айтылғанның бәрін ескеріп, болашақта қолданатындарын айтты. Алайда нәтиже ретінде шынайы өмірмен сәйкеспейтін статистика көрсетіп, көпіріп сандармен сөйлей берер болсақ қаншаға жетеріміз белгісіз. Құр шөппен ауыз сүрткенше, қателігін мойындап,  мемлекеттік деңгейдегі жоба жасауды бір кабинет аясына тықпаса екен. Жоба жасауда тәуелсіз сарапшылар мен статистканы сауатты жасайтын мамандарды да талқылауға қосса дегенді көксейміз. Әзірге президент Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан «еститін үкімет» болмай тұр. Әзірге «ессіз үкіметтің» қайнатқан ботқасының бағасын еселеп төлеп жатырмыз…Әзіргенің үміті өшер емес, үкіметтің ботқасы бітер емес…

*Мақала «Кипр» аналитикалық тобының жүргізген эксперттік талқылауы стенограммасына негізделіп жазылды.

Парақшамызға жазылыңыз

Айғаным Айтақын

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ақын. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы. Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіндегі журналистика мамандығының білімгері.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар