//

Жыры бітпеген LRT. Есеп комитеті Нұр-Сұлтан қаласындағы бюджеттің орындалуынан біраз кемшіліктерді айқындаған

1890 рет қаралды
фото: Ақжайық

Есеп комитеті Нұр-Cұлтан қаласы әкімшілігінің миллиардтаған қарызы республикалық бюджетке салмақ болып жатқанын айтады.

Астананы дамыту мақсатында бюджеттен бөлінген қаржының каншалықты тиімді жұмсалғанына мемлекеттік аудит жүргізген Есеп комитеті республикалық бюджетке астананың жыртығын жамау кәдімгідей күш салғанын баяндайды.  

 

” LRT  жобасын аяқтау мәселесі әлі шешілмеді. Сондай-ақ, ішкі нарыққа шығарылған 430 млн доллар көлеміндегі облигацияларды сатып алу ісі де аяқталған жоқ» – делінген комитеттің хабарламасында.

Астанада, сонымен қатар, жылу энерго орталығының құрылысы 2018 жылдан бері тоқтап тұр, өйткені жобалау сметалық құжатына енгізілуі тиіс өзгертулер әлі жасалған жоқ. 2018 жылы осы мақсатта аванс ретінде аударылған 6,8 млрд теңге мердігер компания “Центрказэнергомонтаж” ЖШС-інде жатыр.

 Кейбір жобалар орындалып жатқанымен, құжаттары дұрыс емес. Мәселен, кейбір құрылыс жер теліміне заңдық құқықсыз салынып жатса, кейбіріне ескі нысандарды күреуге қатысты қаржы қарастырылмаған. Қала көшелерін су басу мәселесі шешілмесе де, алты суағарға арналған канализация мен сумен қамтамасыз етуге арналған 4,4 млрд теңгенің жобасы тоқтап тұр. Үш жоба 2010 жылдан бері салынып келеді.

Кейбір құрылыстардың уақтылы аяқталмағандығы әрі  “Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асырудың нақты стратегиясының болмауы, тұрғын үйлердің өз уақытында пайдаға берілмеуі, инвесторларды тартып, мемлекеттік және жеке әріптестік қарым-қатынастың жолға қойылмағандығы байқалады.

“2020-2025 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық “Нұрлы жер” бағдарламасын жүзеге асырарда тұрғын үйлер шекті бағасынан артық бағаға сатылып алынған. 28,9 млрд теңгеге салынған 20 обьекті мен 298  пәтер қаланың коммуналдық меншігіне қабылданбаған» делінген онда.

Есеп комитеті айтылған сын ескертпелерді дер кезінде түзету үшін үкіметке және мемлекеттік органдарға ұсыныстарын айтты. Кейбір материал құқыққорғау орындары мен әкімшілік құқық бұзушылықты қарауға өкілетті органдарға жолданды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері