/

Көші-қонның түйткілдерін талқылаймыз

1893 рет қаралды

Сізді қазақ көшінің бүгінгі ахуалы мен жай-күйі алаңдата ма?

Көші-қондағы заңнамалық өзгерістерден хабардар болғыңыз келе ме?

Көші-қон саласына қатысы бар құзырлы орган өкілдерінен бүгінгі ахуалды білгіңіз келе ме?

Онда бізге құлақ түріңіз. Сәрсенбі, 24 ақпан, сағат 15.00-де “Көші-қон: түйткілі мен шешімі” деген тақырыпта “Отандастар” КеАҚ пен “Мінбер” ақпарат агенттігінің бірлескен конференциясы өтпек.

Конференцияға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Көші-қон процестерінің мониторингі басқармасының басшысы Айтқұлов Дастан; Ішкі істер министрлігі, Азаматтық және көші-қон басқармасының басшысы Шымырбаев Ғани Зиябекұлы, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы Кәрібай Мұхтар Ахатұлы, Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлынбайұлы; Отандастармен және диаспоралармен өзара іс-қимыл жасау басқармасының басшысы Мажитов Мақсат Бекболатұлы; «Отандастар» КеАҚ вице-президенті Сарбасов Мағауия Қанапияұлы; Отандастар қоры» КеАҚ Қандастарды қолдау департаментінің басқарушы директоры Нұрбаева Гүлмира Бекетайқызы ханым мен Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының фронт-кеңсе үйлестірушісі Тоқсамбаев Марат Есімқұлұлы; Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ардагерлері Сұлтанәлі Балғабаев, Ботагөз Уатқан; қоғам белсендісі Бадигүл Оспанова  және 18 жыл бойы азаматтық ала алмай жүрген Зохра Абдурасол қатысады. Модератор – Есенгүл Кәпқызы.

Сонымен бірге біздің конференциямыз фейсбук парақшасында тікелей эфир арқылы таралады. Келіңіз, сауал жолдаңыз!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі