Фото: ЖИ құралдарын пайдаланып жасалған
Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады. Астанадағы жедел жәрдем станциясының үш бұрынғы қызметкеріне сот үкімі шықты. Олар 2020–2023 жылдары санитарлық автокөліктерді жөндеуге және күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаржысын жымқырған. Соның салдарынан жұмыс істейтін жедел жәрдем көліктерінің саны 149-дан 32-ге дейін азайған.
Мемлекетке 700 млн теңгеден астам залал келген. Оның ішінде 440 млн теңгеден астамы сот үкімімен өндірілген, ал такси қызметтеріне жұмсалған 300 млн теңгеден астам қаражат азаматтық сот арқылы өндіріп алуға жатады.
Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, 8 және 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оларға мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Анықтама ретінде:
Айта кетейік, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ҚР жедел медициналық жәрдем қызметінің 2025 жылдың 12 айындағы қызметіне талдауына сәйкес 2025 жылдың 12 айына Астана қаласындағы санитариялық автокөліктің тозу көрсеткіші 72,0%-ды көрсетіп, тозу көрсеткіші жоғары аймақтардың біріне кіреді. Астанада жедел жәрдем көлігінің кешігу деңгейі де жоғары 6,6%-ды құрайды.
Парақшамызға жазылыңыз
