///

Көпбалалы ана айыппұлдан босатылды

2205 рет қаралды
Сурет инстаграм парақшасынан алынды. Айыппұл салынған жеміс-жидек киоскісі

 “Мінбер” сайты Талдықорған қаласының тұрғыны Текелі қаласында жеміс-жидек сатып күн көретін, жеке кәсіпкер, көпбалалы ана Дина Кашкановаға бетпердесі жартылай түсіп тұрғаны үшін мониторингтік топиың 670910 теңге айыппұл салғаны қоғамдық резонанс тудырып жатқандығы туралы жазған еді.

Кеше Дина Кашканова жалпы Талдықорған жұртшылығына сүйінші хабар жеткізіп, қуанышымен бөлісті. Төбесін көкке жеткізген қуаныштың себебі айыппұлдан босатылғаны. Іс сотқа жетпей аяқталған. 

Кеше ғана шыр-пыр болып жүгіріп, қоғамнан көмек сұраған ана қалай өз құқығын қорғап шықты?

“Мінбер” сайтының тілшісіне   Текелі қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкері Р. Алдабергенова жауап берді.

«Карантин талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынған жеке кәсіпкер Кашканова Дина 04/03/2021 күні айыппұлдан босатылды. Тек ауызша ескерту берілді. Себебі Дина  «көпбалалы ана» екендігін куәләндыратын құжатын және Текелі қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ж Мұсабековтың атына Алматы облыстық Кәсіпкерлер палатасынан жазылған хатын алып келді. Барлық құжатпен танысып шыққан басқарма басшысы Мұсабеков Ж. жеке кәсіпкер Кашканова Д. тек ауызша ескертумен шектеліп, айыппұлдан босатылғандығынан хабардар етті».

Біз “Мінбер” ұжымы Кашканова Дина Сансызбаеваны шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы істеріңіз тек жемісін көрсетсін.

Арайлым Нұржанқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері