//

Биылғы ҰБТ «Бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» принципі бойынша өтеді

3062 рет қаралды
1
сурет Darin.Online

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет электрондық форматта 10 наурыз – 10 сәуір аралығында өтеді. «Бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» принципі бойынша өтетін сынақтың артықшылықтары туралы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен жиында Ұлттық Тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов айтты. Сонымен биылғы тесттің ерекшеліктері төмендегідей:

– тестіленуші өзіне ыңғайлы орынды, күнді, уақытты өзі таңдай алады;

– тест тапсырушы тапсыру тілі мен пәндер бойынша өтінішін өзгерте алады;

– тестілеу барысында белгілеген сұрақтарға қайта оралып, қате жауаптарды түзетуге мүмкіндік беріледі;

– интерфейсте калькулятор мен көмекші кестелер (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесі) көрініп тұрады;

– тестілеу нәтижесі жұмыс күнінің соңында емес, тестілеу аяқталғаннан кейін бірден белгілі болады;

– тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда апелляцияға бірден беруге болады.

ҰБТ-ға қатысу үшін 2021 жылғы 5 наурыздан бастап app.testcenter.kz сілтемесі арқылы онлайн режимде тіркелуге болады. Қосымшаға тіркелудің нұсқаулығымен сілтемеде танысуға болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі