//

Жазылған жайдың жаңғырығы: Қайнарлыда қазылған окоп жабылды. Ал Ескелді ауданы әкімшілігі қазақша сауалға орысша жауап қайтарып отыр

3612 рет қаралды
1

Естеріңізде болса “Мінбер” сайты  Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қайнарлы ауылында болып жатқан жер дауы жайлы жазған еді.

Бұл мақалада ауыл тұрғындарының бірауыздан наразылық білдіріп, жеке кәсіпкер, пай үлескерлерінің үлесін қосып коператив құрған Черкашина Зинаида ханымға қарсы шыққанын атап көрсеткенбіз. Бүгінде жер дауы шешілді ме? Өз жеріне мал тұрмақ, адам баспасын деп «окоп» қазып, 6 гектар жерді қоршап алған Зинаида ханымға басшылық қандай талап қойды?

«Иә ,ауылға комиссия келді. Тексерді. Қазылған арықтарын қалай болса солай көмді. Жер Ананы қорлап, қазып, көміп жатыр. Бұл қаншалықты заңды? Ал жайылым мәселесі қалай шешілмек? Малымыз қырылып қалмай ма?» дейді ауыл тұрғыны Ержан Жанажыл .

Мән жайды білу үшін Ескелді аудандық әкімдікке аттандық. Ескелді ауданы әкімдігінен бізге ресми анықтама берілді. “Мінбер” тілшісі анықтаманы қазақ тілінде сұрағанымен, әкімдік анықтаманың орысша нұсқасын берді. Назарларыңызға өзіміз аударған қазақша нұсқасын ұсынамыз.

Қайнарлы ауылындағы жайылым жерлер жөніндегі

Анықтама

Биылғы маусымда ақпарат құралдарында «Черкашина» шаруа қожалығының басшысы Зинаида Черкашинаның ауыл маңындағы егістік жерлерді қоршап алып, терең ұра қазып тастағаны туралы жазылды. Мәселенің мән жайын анықтау мақсатында аудан әкімінің Қаулысы бойынша жұмыс комиссиясы құрылды. Жұмыс тобының мүшелері Қайнарлы ауылындағы наразы топтың өкілдерімен кездесті. Ауыл тұрғыны Ержан Жанажылұлы ауылда жайылымның жетпей жатқаны жайлы мәлімдеді және «Черкашина» шаруа қожалығының істеп жүрген әрекеттерінің қаншалықты заңға сыйымды екендігін қарап беруін өтінді.

Жұмыс комиссиясы мен наразы топ өкілдері аудан әкімінің 2019 жылдың 02 қыркүйегіндегі № 214 Қаулысымен жалпы көлемі 7,2  гектарды құрайтын (кадастрлық № 03264080443) 10 жылға уақытша пайдалануға берілген жер телімін аралауға шықты. Тексеру барысында «Черкашина» шаруа қожалығының басшысы ҚР Жер кодексінің 140  бабы, 4-тармағын бұзғаны анықталды. «Черкашина» шаруа қожалығының басшысы Зинаида Черкашинаға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол өз кінәсін мойындады, сөйтіп орылған ұраны қалпына келтіруге уәде берді. (2021 жылдың 23 маусымындағы хабарлама бойынша З. Черкашинаға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 340 бабы бойынша әкімшілік материал қозғалды).

Әріқарай жұмыс комиссиясы мал басының санын және жайылым шекараларын анықтау мақсатында Қайнарлы ауылдық округінің Дегерес, Еркебай маусымдық жайылымдарына барды. Бұл жайылымдардың жалпы көлемі 1450 гектар. Тексеру барысында ауылшаруашылығы жануарларын айқындау бағдарламасында тіркелген 9266  мал басы бары белгілі болды (613  ірі қара, 8553 ұсақ мал және 100 жылқы). Сондай-ақ, екі шаруа қожалығында 160  басты мал өзге аймақтардан әкелінген. Ал бір шаруашылық Алматы облысының Текелі қаласында тіркелген. Мұнда 900  басты ұсақ мал ҚР заңнамасына қайшы жайылым қорларын иеленіп жүр. Бұл шаруашылықтар ҚР Жер кодексінің 94 бабын бұзып отыр. Комиссия бұл шаруашылық басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заңсыз иеленіп отырған аумақтарды босатуы қажет екендігі ескертілді.

Қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, Қайнарлыдағы ресми тіркелген мал басына жайылым қоры жеткілікті, сөйтіп наразы топтың шағымдары негізсіз деген шешім қабылдады.

 

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

1 Comment

Есенгүл Кәпқызы: Азаматтық журналистер жобасы www.minber.kz сайтын өңірлерге танытты – Мінбер – Ақпарат агенттігі жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері