///

Қазақ Халқы өзінің Пайғамбарын күтуде

1737 рет қаралды

Қазақтың шектен тыс байып кеткен олигархтарымен сыбайласқан билік қарапайым халықтың, қара бұқараның қамын ойлаудан гөрі жеке бастарын күйттеп кетуі Қазақ Елін саяси-экономикалық және рухани дағдарысқа ұшыратып отыр.

Осының кесірінен ширыққан қоғамының толқуының Туы – Жаңаөзендіктер өлермендік көрсетіп жатыр. Алайда бұл – жаңаөзендіктерге ғана тән көрініс емес тұтас қазақстандық, жалпы халықтық күйзелістің бір ұшқыны. Бұл – Қанды іріңге айналған асқынған шиқанының жарылуы емес, бір бөрткендей бітеу жараның аузының ашылуы. Оның арғы қабатында алапат вулкан жатыр.
Ол вулкан атылса ескіріп, тозығы әбден жеткен өз құлқыны мен тағынан басқаны ойлаудан қалған бүгінгі Үкімет су бүркіп өшіре алмайды. Қазірдің өзінде халықтың талабына сай әрекет еткен сымақтықпен асқынып кеткен шиқанды жазуға дәрменсіз күй кешуде.
Бұл нені көрсетеді? Бұл қазақ билігіне түбегейлі өзгеріс жасауды, жүйені түбірімен жаңалауды қамтамасыз ететін негізгі алғы шарттарының толық пісіп-жетілгенінің белгісі. Билік қанша тырысқанымен енді бұл дағдарыс пен күйзелістен халықты құтқарып қала алмайлы. Билікте ондай қауқар қалмапты. Қазіргі билік қазақ халқының Тәубәшілдігімен ғана күн көріп отыр. Қазақтың шүкіршілдігі де өз шек, шекарасына жетіп, жарға тіреліп тұр.
Ел енді бұл үкіметке бағынғысы келмейді. Үкімет бағындыра да алмайды. Қоғамға өзгеріс әкелудің ежелден белгілі алғы шарты деген осы. Бірақ бір ғана тетік кем тұр.
Қазақтың әлеуметтік теңсіздікке ұшырап, ашу мен ызаға булыққан қалың бұқараны бастайтын лидері жоқ. Осыны пайдаланған қазіргі билік әуелгі дағдылы шахматтық жүріспен әлі де біраз өмір сүреді.
Қазақ Халқы өзінің «Пайғамбарын» күтуде. Ол кім? Қашан келеді? Оны Бір Құдай біледі.

Бақытбек Бәмішұлы, 

ақын, жазушы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі