///

Жасыл Дамудың РОП құрылтайшыларына еш қатысы жоқ

1274 рет қаралды

Қазақстанда 2016 жылы енгізілген утиль алымы – бүгінде көпшілік арасында көп талқыланған тақырыптың бірі. Халық оның мөлшері 400000 теңгеден 5500000 теңгеге дейін өсіп кеткеніне наразы.

Дәл осы мәселеге қатысты көптеген сұрақтар мен хаттар келіп түскенін хабарлаған мәжіліс депутаты Ж.Әшімжан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Аманғалиұлына көпшілік атынан сауал жолдады.
Онда “Бұл – ел президентінің үкімет алдына қойған ерекше тапсырмаларының бірі. Осыған байланысты сізден мына мәселелер бойынша жедел ақпарат беруіңізді сұраймын:
1. Утиль алымдарының бағасына қатысты қандай шешімдер қабылдануда?
2. «ӨКМ операторының» орнына келген «Жасыл даму» АҚ утиль алымдарының мөлшерін белгілеуді бастады. Ол үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Бәрінен хабардармыз. Бірақ елге жетіп жатқан мәлімет аз. Сондықтан атқарылып жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ “Жасыл Даму” АҚ жайлы, құрылтайшылары хақында, бұған дейінгі “РОП” құрылтайшыларына қатысты-қатыссыздығы төңірегіндегі сауалдарға жеделдетіп жауап беруіңізді сұраймын” – делінген.

Шындығында көпшілік арасында “Жасыл даму” мемлекеттік мекеме және оның жұмысы толық бақылауда болатынына сенімсіздік туындаған. Депутат сауалына жауап берген экология, геология және табиғи ресурстар министрі Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ тапсырмасы бойынша жұмыстар жүйелі жүріп жатқанын баяндай келе:
1. Утиль алымдар бойынша жұмыс топтарының отырысы белсенді жүргізілуде. Бұл бағытта қоғам және бизнес, мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының отырыстары жалғасуда. Жобалар әзірленуде. Баға жөнінде де халықтың көңілінен шығатын ортақ шешімге келеміз деген сенімдеміз.
2. «Жасыл Даму» жайлы. Бұл – 100 пайыз мемлекеттік мекеме. Қазіргі кезде «РОП» ЖШС-нан тиісті құжаттарды алу, әділет органдарында қайта тіркеу жұмыстары жүргізілуде. “Жасыл Дамудың” «РОП» құрылтайшыларына ешқандай қатысы жоқ”- деп, жауап берді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Аманғалиұлының айтуынша ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 20 Қаулысына сәйкес өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының (ӨКМ) функциялары «Жасыл Даму» акционерлік қоғамына берілді. Сонымен қатар, «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің құқықтары тоқтатылды. Аталған қаулыға сай “Жасыл дамудың” Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығына қосылуына қатысты Үкіметтің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 241 қаулысының күші жойылды. Осылайша, «Жасыл даму» АҚ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына өтті және мемлекеттің қатысу үлесі 100%-ды құрайды.
Демек, акционерлік қоғам құрамында өзге жеке және заңды тұлғалар жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, әлемдік тәжірибеге сүйенген қоғам белсенділері “елімізде автомобильдер паркі ескіріп, экология нашарлағанын” алға тарта отырып утиль төлемін жою туралы петицияға қол жинауда.

Парақшамызға жазылыңыз

Ботагөз Жөкен

Ботагөз Жөкенқызы.
1999 жылы әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп,
2001-2003 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
1999- 2001жылдар аралығында «Алтын орда» газетінде тілші,
2003-2005 жылдар аралығында "НТК" телеарнасында редактор, 2005-2016 жылдар аралығында «Алматы" телеарнасында редактор қызметін атқарды.
Бейбіт Құсанбек атындағы байқаудың лауреаты.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі