Біржолғы зейнетақы төлемдерін қалай пайдалануға болады?

835 рет қаралды
Егемен Қазақстан
Егемен Қазақстан

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі өзгеріп, тиісінше тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) емделуге, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушыға аударуға қолжетімді қаражаттың өзгеретініне байланысты, біз жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар дайындадық.

Бұл материал өздерінің зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы шешімді жедел әрі саналы түрде қабылдауға және іске асыруға көмектеседі деп үміттенеміз.

1) 2021 жылға есептелген ең төменгі жеткіліктіліктің «ескі» шектері бойынша тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін өтінімді қай күнге дейін беруге болады?

2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі (ТЖШ) ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №875 қаулысымен Президент Қасымжомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін ТЖШ айқындау әдістемесіне сәйкес 2021 жылға есептелген ТЖШ қолданылу мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін салымшы (алушы):

  1. Өз зейнетақы жинақтарын тексеріп, тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында алуға болатын зейнетақы жинақтары сомасының бар-жоғына көз жеткізуі тиіс. Мұны БЖЗҚ сайты мен мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте және (немесе) электрондық үкіметтің мобильді қосымшасында жасауға болады.
  2. Зейнетақы жинақтарының ТЖШ-тен асатын бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдаған соң, уәкілетті оператор-банктің интернет-ресурсы арқылы біржолғы зейнетақы төлеміне алдын ала өтініш берген жөн. Бүгінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтініштер қабылдайтын уәкілетті операторлар: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ, емделуге – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ. Уәкілетті оператор біржолғы зейнетақы төлеміне арналған өтінішті қарағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді. БЖЗҚ тарапынан алуға қолжетімді сома уәкілетті оператордан электрондық хабарлама келіп түскен күнгі ТЖШ ескеріле отырып тексеріледі. БЖЗҚ уәкілетті оператордан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті оператордағы алушының арнайы шотына біржолғы зейнетақы төлемін аударады.

2022 жылға арналған ТЖШ 2022 жылдың 1 сәуірінен күшіне енетіндіктен, БЖЗҚ 2021 жылға есептелген ТЖШ шамаларына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін уәкілетті операторлардан 2022 жылдың 31 наурызына дейін (қоса алғанда) келіп түскен өтініштер бойынша аударады. Сондықтан, уәкілетті банкке өтінішті 2022 жылдың 28-29 наурызынан кешіктірмей алдын-ала беруге кеңес береміз.

2-3) тұрғын үй жағдайын жақсартуға біржолғы зейнетақы төлемін алуға өтінімді қалай беруге болады? Емдеуге біржолғы зейнетақы төлемін алуға қалай өтініш беруге болады?

«БЖЗҚ» АҚ салымшыларының (алушыларының) тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емделуге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ақы төлеу үшін, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға құқығы бар.

БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар төмендегі адамдар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының пайдасына қолдану құқығын іске асыра алады:

1) жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері ең аз жеткіліктілік шегінен асып кетсе. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен жиналған зейнетақы жинағы мен ТЖШ арасындағы айырма сомасынан аспауы тиіс;

2) зейнетақы мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленетін алушының орташа айлық табысын алмастыру коэффициентін 40 пайыздан кем емес деңгейде қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізіледі. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан бастапқы электрондық хабарламаны алған күнге салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауы тиіс

3) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқандар. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшерінен аспауы тиіс.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін салымшылар (алушылар) ең алдымен өздерінің зейнетақы жинақтарын тексеріп, алуға болатын соманың БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында бар екеніне көз жеткізуі тиіс.

БЖЗҚ-да өзінің зейнетақы жинақтарын тексергеннен және тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдағаннан кейін салымшылар (алушылар) арнайы шот ашу және электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне өтініш беру үшін уәкілетті оператордың интернет-порталы арқылы уәкілетті операторға жүгінуге тиіс. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтініштер қабылдайтын уәкілетті операторлар – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ, емделуге – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып табылады.

Уәкілетті операторға төлем жасауға өтініш берген кезде салымшы (алушы) біржолғы зейнетақы төлемі кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін (БЖЗҚ-ға жарналар аударған кезде ЖТС алынбайды) таңдап алуы тиіс, ол да ЭЦҚ қойылған ЖТС ұстап қалу туралы өтініште таңдап алынған тәсілді: төлем жасалған сәтте бірден толық көлемде немесе ЖТС кейінге қалдырылған кезеңде ұстап қалуға (зейнетақы төлемдерінің кестесі бойынша зейнетақы жасына жеткен кезде ай сайын тең үлестермен) құқылы.

Уәкілетті оператор 2 (екі) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді, онда төлемге қабылданған өтініш туралы мәліметтер, оның ішінде алу мақсаты, ТАӘ, туған күні, ЖСН туралы, салымшы (алушы) айқындаған мөлшердегі біржолғы зейнетақы төлемінің сомасы туралы салымшының (алушының) ЭЦҚ қойылған ЖТС ұстап қалу туралы өтінішті электрондық хабарламаға қоса бере отырып, ЖТС ұстап қалу тәсілдері туралы мәліметтер қамтылады.

БЖЗҚ уәкілетті операторынан электрондық хабарлама алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға салымшының (алушының) біржолғы зейнетақы төлемін аударады, ол өз кезегінде оны салымшының (алушының) арнайы шотына аударады. Бұл ретте БЖЗҚ 2021 жылға есептелген ТЖШ шамаларына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан 2022 жылдың 31 наурызына дейін (қоса алғанда) келіп түскен өтініштер бойынша жүргізетін болады.

Біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті операторда («Отбасы банк» АҚ) ашылған салымшының (алушының) арнайы шотына тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында – 20 жұмыс күні, емделуге ақы төлеу үшін – 45 жұмыс күні ішінде түсуі мүмкін. Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында уәкілетті операторлар болып табылатын басқа екінші деңгейдегі банктерге – 10 жұмыс күні ішінде түседі.

Осы мерзім ішінде салымшы (алушы) уәкілетті операторға нысаналы мақсаты бойынша құжаттарды ұсынуы тиіс. Олар көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемін уәкілетті оператор БЖЗҚ-ға қайтарады, өз кезегінде Қор қаржыны салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына аударады. Бұған тұрғын үй сатып алу немесе жеке тұрғын үй салу мақсатында одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыру мақсаты жатпайды. Бұл жағдайда алушы «Отбасы банк» АҚ-ға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 3 жыл ішінде ұсынады.

Осылайша, салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мәселелері жөніндегі барлық өтініштерін уәкілетті оператор «бір терезе» қағидаты бойынша қарайды және салымшының (алушының) тарапынан БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының алуға болатын сомасы туралы өз бетінше онлайн-мәлімет алуын қоспағанда БЖЗҚ-ға жеке өтініш жасаудың қажеті жоқ.

4) Неге  enpf-otbasy.kz платформасы жұмыс істемейді?

www.enpf-otbasy.kz сайты «Отбасы банк» ТҚЖБ» АҚ қарамағында. Барлық туындаған сұрақтар бойынша «Отбасы банк» АҚ тұлғасындағы уәкілетті операторға жүгінулеріңізді сұраймыз.

 

5) Егер төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражат жиналып қалса, Отбасы банкіне тағы да өтінім беруге бола ма?

Егер алуға болатын сома болса, көп рет пайдалануға болады. Алайда, 1 жылдың 2022 сәуірінен бастап төменгі жеткіліктілік шегі артып, ТЖШ арқылы есептелетін қолжетімді қаражаттың мөлшері өзгеретінін ескеру қажет.

6) Неліктен БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу туралы өтініш орындалмады?

Өтінішті орындаудан бас тартудың негізгі себептері және оларды жойып, алдын алуға арналған кеңестер төменде келтірілген.

Бірінші себеп: өтініште көрсетілген сұратылатын қаражат зейнетақы жинақтарының алуға қолжетімді сомасынан асып түседі.

Ұсыным: уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтініш берер алдында қолжетімді сома туралы мәліметпен қатар, өз зейнетақы жинақтары жөніндегі өзекті ақпаратты тексеру (enpf.kz сайты мен БЖЗҚ мобильдік қосымшасындағы жеке кабинетте, egov.kz порталында).

Екінші себеп: өтініште көрсетілген сұратылатын қаражат өңдеуге қабылданған өтініштерді ескере отырып, зейнетақы жинақтарының алуға қолжетімді сомасынан асып түссе.

Ұсыным: бұрын жіберілген өтініштердің орындалуын күтіңіз.

Үшінші себеп: БЖЗҚ-да жеке басты куәландыратын құжаттың (құжаттардың) жарамсыздығы туралы мәліметтер болса.

Ұсыным: өтініште жеке басты куәландыратын қолданыстағы құжатты көрсету немесе жеке басты куәландыратын жаңа құжатты алу үшін ХҚО-ға жүгіну.

Төртінші себеп: салымшы (алушы) қайталама, қайталанатын өтінімдер берді.

Ұсыным: күте тұрыңыз. Заңнамаға сәйкес, БЖЗҚ-ға уәкілетті оператордан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде БЖЗҚ операторға кейіннен салымшының (алушының) уәкілетті оператор ашқан арнайы шотына есепке жатқызу үшін біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын аударады.

Егер БЖЗҚ-дан уәкілетті операторға бас тарту себебін көрсете отырып, төлемді аударудан бас тарту туралы электрондық хабарлама келіп түспесе, онда салымшы (алушы) жинақты оның арнайы шотына аударуына дейін бес жұмыс күнін күтуі және уәкілетті операторға қайтадан өтініш бермеуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, салымшыда (алушыда) БЖЗҚ-да алуға қол жетімді қаржы болған жағдайда, оны пайдалануға арналған БЗТ өтініш шексіз рет берілуі мүмкін. Алайда, 1 жылдың 2022 сәуірінен бастап төменгі жеткіліктілік шектерінің жоғарылауын, жоғарыда аталған ұсынымдарды ескерсек, уәкілетті операторға берер алдында өтінішті мұқият тексерген жөн.

Сондай-ақ, тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселені уәкілетті оператор «бір терезе» қағидаты бойынша қарайтындықтан, БЖЗҚ-ға жеке өтініш беру талап етілмейтінін естеріңізге саламыз.

7) Өтінімнің мәртебесін қалай тексеруге болады?

Өтініштің мәртебесін уәкілетті оператордың порталындағы жеке кабинеттен тексеруге болады. Өтініш БЖЗҚ-ның өңдеуіне қабылданғаннан кейін оның мәртебесін enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ мобильдік қосымшасындағы жеке кабинеттен («Төлемдерге менің өтініштерім/ Аударымдар» бөлімінде) тексеруге болады.

8) Жеткіліктілік шегінен жоғары соманы қалай білуге болады?    

Зейнетақы жинақтарының әрбір жас үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі туралы ақпарат еnpf.kz сайтында орналастырылған https://www.enpf.kz/kz/services/withdrawal/withdrawal-check.php. Жеткіліктілік шегінің жеке есептеулерімен enpf.kz сайты мен БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинеттен таныса аласыз, мұнда алуға/аударуға болатын зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты онлайн тәртібінде тексеру мүмкіндігі іске асырылған.

 

9) Неліктен бейрезиденттер Отбасы банкінде шот аша алмайды?        

Бұл мәселе «БЖЗҚ» АҚ құзырында емес. Бұл өтінішіңізді «Отбасы банк» ТҚЖБ» АҚ-ға 300 қысқа телефон нөмірі бойынша жолдауыңызды сұраймыз. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

 

10) Жеткіліктілік шегінің ұлғаюына байланысты 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл өзгерістер қалған зейнетақы жинақтарының 50% ала алатын зейнеткерлерге қатысты бола ма?           

БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар төмендегі адамдар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының пайдасына қолдану құқығын іске асыра алады:

1) жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері ең аз жеткіліктілік шегінен асып кетсе. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен жиналған зейнетақы жинағы мен ТЖШ арасындағы айырма сомасынан аспауы тиіс;

2) зейнетақы мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленетін алушының орташа айлық табысын алмастыру коэффициентін 40 пайыздан кем емес деңгейде қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізіледі. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан бастапқы электрондық хабарламаны алған күнге салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауы тиіс

3) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқандар. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшерінен аспауы тиіс.

Осылайша, егер зейнетақы мөлшері жоғалған орташа айлық табыстың кемінде 40 пайызын құраса, зейнеткер өз жинақтарының 50 пайызы шегінде пайдалана алады.

11) Өтінімді қалай жоюға болады?       

Бұл мәселе «БЖЗҚ» АҚ құзырында емес. Өз өтінішіңізді уәкілетті операторларға жолдауыңызды сұраймыз.

12) Отбасы Банкінің платформасына қандай құжаттарды жүктеу қажет және оларды қалай жүктеуге болады? 

Бұл мәселе «БЖЗҚ» АҚ құзырында емес. Өз өтінішіңізді «Отбасы банк «ТҚЖБ» АҚ-ға 300 қысқа телефон нөмірі бойынша жолдауыңызды сұраймыз. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

13) Өтініш берген кезде қандай сома көрсеткен жөн: кейінге қалдырылған ЖТС-пен бе, әлде ЖТС-ты біржолғы ұстап қалумен бе?

 

Салымшыларға (алушылардың) қолайлы болу үшін enpf.kz сайты, БЖЗҚ мен электрондық үкіметтің мобильдік қосымшаларындағы жеке кабинетте алуға болатын қаражаттың екі нұсқасы көрсетілген: біржолғы және кейінге қалдыру жеке табыс салығымен (ЖТС).

Уәкілетті операторға зейнетақы жинақтарын біржолғы төлем алуға өтініш берген кезде салымшы (алушы) таңдап алынған ЖТС ұстап қалу тәсілі туралы өтініште көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлемі кезінде ЖТС төлеу тәсілін өз бетінше таңдауы (жарналарды БЖЗҚ-ға аударған кезде ЖТС алынбайды) тиіс, оған сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қойылады: дереу толық мөлшерде беріліп, немесе ЖТС шегерілген кезеңде ұстап қалу (зейнетақы төлемдерінің кестесі бойынша зейнет жасына жеткенде ай сайын тең үлестермен).

14) Туысына БЗТ-ні қалай беруге болады?        

Бұл мәселе «БЖЗҚ» АҚ құзырында емес. Өз өтінішіңізді уәкілетті операторларға жолдауыңызды сұраймыз.

15) БЖЗҚ-дан ақшаны Отбасы банкінің депозитіне қалай аударуға болады?     

«Отбасы банк» ТҚЖБ» АҚ-ға салымды толықтыру бөлігінде біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) мақсатты пайдалану бойынша өтінім enpf-otbasy.kz платформасы арқылы беріледі. Толық ақпарат алу үшін осы сайтқа хабарласуға немесе 300 қысқа номерлі телефонға қоңырау шалуға кеңес береміз. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

16) Демалыс күндері БЗТ-ны аударуға өтінім беруге бола ма?

Уәкілетті операторлардың порталдары арқылы өтінімдерді кез келген күні және тәуліктің кез келген уақытында беруге болады (24/7). Алайда уәкілетті операторлар, БЖЗҚ, кастодиан-банктер және т.б. берілген өтініштерді тек жұмыс күндері өңдеп, салыстырып тексеру жүргізетінін қаперіңізде ұстаған жөн.

Алдағы мерекелік және демалыс күндеріне байланысты БЖЗҚ байланыс орталығы салымшыларға (алушыларға) ақыл-кеңес беру үшін 2022 жылдың 19 наурызы мен 26 наурызында сенбі күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін қосымша жұмыс істейтін болады.

17) Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аудару туралы өтінішті қалай беруге болады?

Ең алдымен, сіздің жеке зейнетақы шотыңызда enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ  мен электрондық үкімет мобильді қосымшаларындағы жеке кабинетте инвестициялық портфельді басқарушыға аудару үшін қолжетімді қаражатыңыз бар-жоғын тексеру қажет.

Бұдан әрі инвестициялық портфельді басқарушыны (ИПБ) таңдау қажет.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРДҚ) белгілеген барлық талаптарға сәйкес келетін, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті (инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті) жүзеге асыруға лицензиясы бар төрт ИПБ-мен шарт жасасқан:

«First Heartland Jysan Invest» АҚ

«Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ)

«BCC Invest» АҚ«Банк ЦентрКредит» АҚның еншілес ұйымы

«Сентрас Секьюритиз» АҚ.

Әрбір ИПБ туралы ақпарат (инвестициялық декларацияны, сондай-ақ ИПБ комиссиялық сыйақы туралы мәліметтерді қоса алғанда) enpf.kz сайтында «Қызметтер»/  «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруға аудару» бөлімінде жарияланған. Басқарушы компаниялардың инвестициялық қызметіне шолумен enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер»/«Инвестициялық қызметке шолу» немесе «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне қысқаша шолу» бөлімдерінде танысуға болады

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқару үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% аспайды. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ басқару органы бекітеді және ол жылына бір реттен жиі ауыстырылмайды.

Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейін инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік беріледі. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады, ол нарықта жұмыс істейтін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі негізге алына отырып есептеледі.

Салымшы зейнетақы активтерін ИПБ сенімгерлік басқаруға беру мақсатында БЖЗҚ-ға ЭЦҚ қойылған, жеке өтініш жасау арқылы немесе БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттармен қоса ИПБ таңдау туралы өтінішті ұсынады.

Егер онлайн-қызмет таңдалса, БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер» бөліміне өтіп, одан кейін «Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аудару» бөлімшесіне өтіп, барлық қажетті жолдарды толтыру қажет. Мекенжай және байланыс деректері БЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорынан автоматты түрде пайда болады.

Салымшы ЭЦҚ арқылы ИПБ таңдау туралы өтінішке қол қоймас бұрын, егер салымшыда тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын аудару ниеті болған жағдайда, уәкілетті оператордың интернет-ресурсына жүгіну қажеттігі туралы хабарлама шығады. Жеке тұлғаның жеке кабинетінде салымшы (алушы) оны БЖЗҚ орындаған сәтке дейін бере алатын (жеке кабинетте «өңдеуге қабылданды» мәртебесі болған кезде) ИПБ таңдау туралы бұрын берілген өтініштің күшін жою мүмкіндігі берілген.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелерін мұқият енгізіп, ұсынылып отырған ИПБ анықтамалығынан таңдап, аударым сомасын көрсеткен соң, өтінішке жеке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою керек. Жеке кабинетте сондай-ақ, орындалу мәртебесін қадағалап, өтініштің күшін жоюға болады.

Салымшылардың, соның ішінде БЖЗҚ-ға келесі құжаттарды ұсынуға құқығы бар:

ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтаруға өтініш (жинақталған зейнетақы қаражаты ИПБ сенімгерлік басқаруына бастапқы берілгеннен кейін екі жылдан ерте емес);

өзінің зейнетақы жинақтарын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру үшін жылына бір реттен жиі емес ИПБ өзгерту туралы өтініш.

БЖЗҚ өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде осы өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтарына сәйкес келетін сомада зейнетақы активтерін ИПБ сенімгерлік басқаруға беруді жүзеге асырады.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі