////

Өскемен-Алматы тас жолының қақ бөлінгеніне кім кінәлі? ҚазАвтожол тергеу ісін бастамақ

1202 рет қаралды

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ «Алматы-Өскемен» тас жолындағы құбырдың шайылу фактісі бойынша барлық мән-жайды анықтау үшін қызметтік тергеуге қатысты бастама көтергені турады хабарлады. Оқиға 2022 жылғы 22 мамыр күні сағат 16.45-те «Алматы-Өскемен» тас жолында (393 және 395 шақырымдарында) орын алған еді.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше кең арнаға диаметрі сай келмейтін құбыр жобаланған. Құқық бұзу  фактісі анықталған жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес кінәлі деп танылғандар жауапқа  тартылады. Бұл учаскенің құрылысы туралы келісім 2017 жылы жасалыпты. Диаметрі 1,5 метр құбырды орнату туралы техникалық шешімді Алматы қ. «Каздорпроект» ЖШС әзірлеген. «ҚазАвтоЖол» филиалы – «Құрылыс дирекциясы», «ГК Инжиниринг» ЖШС техникалық қадағалау қызметі, CITIC Construction мердігер ұйымы бірлесіп қабылдаған. Олар қабылданған жобалық шешімдер үшін тікелей жауапты екен.

Осындай жағдайды алдағы уақытта болдырмай, алдын-алу мақсатында республикалық маңызы бар жолдардағы құбырлар мен мал өткелдерінде ревизия жүргізіліп жатқаны туралы мәлімдеді баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта учаскеде қайта қалпына-келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тәулік бойы қадағалау ұйымдастырылған, учаске әлі де жабық. Жұмыстарды жүргізу үшін 16 бірлік арнайы техника мен 20-ға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар