Бүгін Ақордада Президент отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп жатыр. Кездесудің өтетіні жайлы Борт №1 Телеграм арнасы хабарлаған болатын.
Шараға Президент әкімшілігі мен үкіметтің басшылығы, құқық қорғау органдары мен бақылау-қадағалау функциясы бар мемлекеттік органдардың жетекшілері де шақырылған. Күн тәртібінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету мәселелері қарастырылады