//

Жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты тренинг болды

1873 рет қаралды

14 маусым күні Алматы облысы Қарасай ауданы Каскелең қаласында Маңғыстаудағы Азаматтық Альянс басшысы Жібек Ахметованың  ұйымдастыруымен «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы  бойынша  тренинг болды.

Оны Алматы қаласындағы Зерттеу орталығының маманы Шолпан Абдрахманқызы өткізді. Тренингке аудандағы әр ауылдан келген қоғам белсенділері, ардагерлер кеңесінің төрағалары, аналар кеңесінің төрайымдары мен ерікті жастар қатысып, жергілікті өзін-өзі басқаруда өздері атқаратын жұмыстар туралы толық ақпарат алды. Тренинг бағдарламасы «Шешім қабылдау процесінде және қоғамдық бақылауда жергілікті қоғамдастықтардың құқықтық сауатын арттыру» тақырыбында жасалды. Қатысушылармен жеке-жеке танысып, «Шешім қабылдауға қоғамдық қатысу, қатысу сатысы», «Шешім қабылдауға азаматтық қатысу құралдары», «Шешім қабылдауға жергілікті қоғамдастық өкілдерін тарту», «Жергілікті қоғамдастықтың құқықтық сауаттылығын арттыру», «Қоғамдық бақылау нысандары, ҚР заңнамасының нормалары» тақырыбында ақпараттар беріліп, Жаңа Қазақстанды құрудағы міндеттер  мен қызметтер  туралы дәріс оқылды. Тапсырмалар орындатып, әр қатысушы тапсырма бойынша өз жұмыстарын қорғады. Тренинг соңында қатысушылар өзі пікірлерін айтып, сұрақтар қойды.

Азаматтық Альянс басшысы Жібек Ахметова жоба мақсаты туралы былай дейді:

– Біздің ұйым яғни, Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы Алматы облысына бағытталған тренингтер легін ұйымдастырды. Тренингтің мақсаты жергілікті өзін-өзі басқаруға бағытталған. Жергілікті өзін-өзі басқаруға кім қатыса алады? Жергілікті қоғамдастық мүшелері қалай сайланады? Бюджет деген не? Ауылдың бюджетін жоспарлауға немесе оны талқылауға кім  қатысуы керек? Ауыл әкімдігімен қалай бірлесе жұмыс істеу керек?, деген сұрақтар талқыланды. Жергілікті қоғамдастық мүшелері  өте белсенді болды. Осы бағытта өзге де көптеген сұрақтарға тоқталып, әрбір ауылдың бюджеті қаралып талқыланды. Қатысушылар тренерге ауыл  бюджетін  қалай,  қайдан көруге болады? Бюджетті қалай талқылау керек? Оның шығысы мен кірісі қандай? Қандай салықтар түседі? – деген   сұрақтар қойды. Бұл тренинг арқылы әрбір жергілікті тұрғын қоғамдастық мүшесі өзін жергілікті шешім қабылдау процесіне қатысуға және ауылды басқаруға, өз сұрақтарын қоюға және пікірін айтуға талқылауға қатысуға көп мүмкіндік алды деп ойлаймын.

Тренингке қатысқан ерікті жастардың қатарында С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік техникалық колледжінің түлегі Диана Шалдибекова мен осы колледждің студенті Арман Кайпбаев та бар.

Арман Кайпбаев:

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасына арналған тренингке қатысып,  пайдалы ақпараттар алдым,  тренинг қызықты өтті.

Диана Шалдибекова:

Қазір біз  «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасына арналған тренингке қатыстық, керекті мағлұматтарды алып, өз ойымызды айтып, пікір алмастық.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға жәрдемдесу және шешім қабылдау процесіне халықтың қатысуын жандандыру мақсатында төрт өңірде (Атырау, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары) пилоттық Сommunity орталықтары құрылды, орталықтардың қызметі жергілікті қоғамдастықты дамыту моделін құруға бағытталады. Олардың базасында жергілікті жерлердегі сарапшылар (оффлайн және онлайн) жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨБ) бойынша кеңес береді. Яғни, жергілікті халықтың шешім қабылдау процесіне қатысу яғни жергілікті қоғамдастық жиындарын ұйымдастыру, жергілікті қоғамдастық мүшелігіне кіру, ЖӨБ бойынша НҚА түсіндіру және басқа да мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігі болады.

Жоба барысында ұйымдастырушылар жергілікті маңызды мәселелерді шешу үшін жалпы құны 8 млн теңгені құрайтын (әр өңірге 1 млн теңге) шағын гранттар конкурсын өткізетінін айтып, қатысушылар сол конкурсқа қатысуға дайындалатын болды.

Гүлзира Станкулова, 

Алматы облысы, 

Жамбыл ауданы, 

Ұзынағаш ауылы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі