///

Пост шындық дегеніміз не?

12342 рет қаралды

Қазір барлығымыз пост-шындық заманында өмір сүреміз. Оның не екенін біразымыз білеміз, бірақ нақты анықтама бере алмаймыз. Сонымен пост-шындық дегеніміз не?

Пост-шындық дегеніміз шындықтың шырайын әдейілеп тұрып бұзу. Басқаша айтқанда,  пост-шындық қоғамдық пікірге ықпал етуді көздей отырып сенімдер мен эмоцияны басқару немесе манипуляциялау.

Пост-шындық адамдардың көңіл күйін басқаға аудару үшін эмоциялық көңіл күйді пайдаланады, сөйте тұра нақты шындықты жасыруды мақсат етеді. Бұл тұрғыдан пост-шындық саяси алаңда көбірек пайдаланылып келді. Сондықтан да пост-шындықтың объектісі болатын «популист дискурс» немесе «жалған ақпарат» деген терминдер пайда болды.

ПОСТШЫНДЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ

Пост-шындықты көбінде саясаткерлер адамдардың қолдауына ие болу мақсатында қолданады. Әсіресе популистердің негізгі қаруы. Олардың ұраншыл сөздері бұқараның көпшілігін иландырады, өйткені олар орындалуы мүмкін емес дүниелерді уәде етеді. Олар адамның барлық проблемасын шешіп тастайтындай сөйлейді.

Сонымен бірге, жалған ақпараттар тасқыны да толастар емес. Өйткені адамдардың көбі әлеуметтік желілер мен интернетке иелік етеді. Фейк ақпараттарды саясаткерлер саяси кампаниялар үшін әдейі қолданады. Бүгінгі фейк ақпарат тасқынын қоғамдық сананы улау деп атаймыз. Ал ақпараттың шынайы немесе жалған екендігін дәлелдеу өте қиынға айналды.

ПОСТШЫНДЫҚ НЕГЕ СОНДАЙ ТАРТЫМДЫ?

  Популистердің ұраншыл сөздеріне бұқараның оған көзсіз сенуінде қандай мән бар? Оның мәні ұраншылдың сөзінің тәттілігінде, олар мәнсіз болса да, жұртты арбайтындай сиқырмен сөйлейді. Олар өте қарапайым, алайда сіздің сезіміңізді арбап алатын қасиетке ие болады.

Пост-шындықтың қолданатын тәсілдері «Дүниенің бәрі не ақ, не қарадан тұрады», «егер сен мені қолдамасаң, онда сен менің жауымсың». Сондай-ақ, пост-шындық сізге керемет келешекті ұсынады. Әсіресе, қорғансыз, бағдарсыз әрі дағдарып жүрген адамдар бұл «келешекке» сенеді.

 ПОСТ-ШЫНДЫҚТЫ ТҮСІНУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛЫ

Пост-шындыққа сенудің екі психологиялық факторын байқауға болады. Бұлар жабық болуға деген ұмтылыс пен маңызды дереккөзді іздеуге деген мотивация. Бұл екі фактор да бүгінгідей аса жылдам өзгеріп жатқан әлемде өз орнын таба алмаған «жаһанданудың сәтсіз құрбандарының» менталитетін танытады.

Бұл адамдар өздерін бағдарсыз әрі дағдарыстамыз деп түсінеді. Олардың қашанда жолы болмайды. Технология олардың қабілеттерін жарамсыз етеді, сөйтіп олардың жұмыс істеу мүмкіндіктері пайдаланылмайды. Олар өздерін қоғамға қажетсіз әрі тиісті бағасын ала алмадық деп сезінеді. Осындай күйзелісте жүрген адамдар үшін пост-шындық үміт отын жағады, олардың болашағын жарқын етеді. Сол үшін де олар бұндай жалған ұрандарға тез сеніп қалады. Оның үстіне интернеттің дамуы фейк ақпараттардың  көбеюіне ықпал етті. Сондықтан да, пост-шындықтың шырмауына түспеу үшін, сіз сыни ойлау қабілетіңізді іске қосуыңыз керек.

2016 жылы Оксфорд сөздігі «пост-шындықты» жыл сөзі деп жариялаған еді. Өйткені сол жылғы АҚШ-тың президенттік сайлауында Дональд Трамп жалған ұрандарға көбірек иек сүйегеніне қарамастан жұмысшы табы дауысты соған береді. Дегенмен, «пост-шындықтың» жауапкершілігі көбіне көп орта тап өкілдерінің иығына түседі. Шынайы деректер қоғамдық пікірді өзгертуге қауқарсыз, өйткені олар жұрттың эмоциясы мен жеке сенімдеріне ықпал ете алмайды. Жалпы «пост-шындық» сөзі 1992 жылы пайда болғанымен, оның құжатталуы 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 2000%-ке өскен екен.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар