///

Шыңғыс ЕРГӨБЕК, cаясаттанушы: Криптовалюта – болашақтың валютасы

3799 рет қаралды

Жаңа дәуір экономикаға қойылатын талаптарды өзгерте бастады. Бұл соңғы жылдары ерекше айқын сезіліп келе жатқан трендтердің бірі. Жеке меншік сектордың қарқыны бірте-бірте мемлекеттің міндетін өзгеріске ұшыратып жатыр. Негізгі мәселе – экономикадағы мемлекеттің орнын қайта қарау, саралау. Мемлекет біртіндеп экономикалық қатынастың субъектісі ретінде әлсіреуде.

Кеңестер одағындағы тренд азаматтардың әлеуметтік жағдайына арқа сүйегенімен дәл бүгін оның беті қайтқаны анық. Нарықтық экономикаға арқа сүйейтін елдер тұрақтылыққа қол жеткізуді мақсат етеді. Капиталистік елдер жоспарлы экономиканың қаупінен құтылу үшін мемлекеттік реттеуді күшейтіп, әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында салық жүйесін кемелдендірді және мекемлекеттік шығындарды көбейту арқылы мемлекеттің ықпалын арттырды. Кеңестер одағы  ыдыраған соң мұндай жүйелік бәсекелестікке де, тиісінше қуатты мемлеккеттік аппаратқа да сұраныс та төмендеді. Нәтижесінде еркін нарық айқындап беретін тетіктер қалыптаса бастады.

Соңғы жылдары әлемдік экономикалық нарықтың өзінде құны милиардтаған доллар тұратын криптонарық қалыптасты. Шын мәніде криптовалютаның өзге валюталардан айырмашылығы көп емес, негізгі айырмашылығы – оның артында мемлекет секілді кепілді институт жоқ. Бұл – жеке меншік сектордың мемлекет монополиясын жоя бастауының бір көрінісі.

Шын мәнінде криптовалюта мемлекет шығармайтын және тиісінше ешқандай кепілі жоқ валюта нысаны. Акциялар немесе өзге құнды қағаздар секілді оның да ар жағында ешқандай кепілдік жоқ екенін аңғару қиын емес. Критовалютаның курсын анықтайтын негізгі көрсеткіш – бір адамның өзге адамнан валютаны сатып алуға деген ниеті мен ықыласы ғана. Соған қарамай криптовалютаның құны күн өткен сайын өсуде.

Мұның бірнеше себебі бар: Біріншіден, криптовалютаның иесі туралы ақпарат өте аз немесе тым  шектеулі. Криптовалютаны тұлға емес, ешкімге көрінбейтін виртуалды субъект сатып алады. Ол өзінің электронды есеп шоты арқылы қалаған көлемде криптовалюта сатып алу мүмкінідігіне ие. Демек, ол шоттың иесі кім екені жайлы ақпаратты ешкім білмейді. Дәл қазіргідей санкциялар дәуірінде Ресей кәсіпкерлерінің бір бөлігі өз активтерін криптовалютаға белсенді түрде аударуда. Олар сол арқылы санкциялар зардабынан келген шығынның бір бөлігін қалпына келтіру мүмкіндігіне ие болады.

Екіншіден, көп елдің криптовалютаны реттеуге бағытталған заңнамасы әлі де жетіле қойған жоқ. Әлсіз реттеу көп мәселеде адамдардың қолына байлау болатын шектеулерден құтқарады.

Үшіншіден, криптовалюта виртуалдық болғандықтан бір елден екінші елге өтуі жеңіл. Демек, тиісті рұқсатты талап етпейді.

Криптовалютаның негізінде жұмыс істейтін ақылды контрактілер жүйесін қарастырар болсақ экожүйені жаңа белеске көтергендігін аңғару қиын емес. Ақылды контрактілер біртіндеп қарапайым контрактілердің орнын ауыстырып келеді. Оның да жасалуы жеңіл, өмірге икемді әдістері қалыптасты.

Бұл  –  мемлекет еркінен тыс ғаламдық нарық тарапынан қалыптасып келе жатқан институттар. Мемлекет үшін үлкен сын. Болашақта бұл секілді трендтердің кең ауқым жаятындығында ешкімнің күмәні жоқ. Бірақ кез-келген мәселенің екі қыры бар. Мысалы, криптовалюта нарықтағы қаржы тапшылығы мәслесін шешкенімен, мемлекеттік ақша шығару монополиясын ғаламдық денгейде шектеп отыр. Демек мемлекет дәстүрлі ықпал ету тетіктерінен айрылып жатыр деген сөз. Бұл тенденция жалғаса берер болса, болашақта мемлекеттің орны немен анықталатындығы үлкен сауал тудырары сөзсіз.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі