//////

Бақытбек Бәмішұлы: Мұқағалидың бір фото суретін көргенде

800 рет қаралды
1

Мына бір көшеде,

кеудеңді керіп,

көкке танау мен төсіңді беріп,

алшайып тұрғаның,

Артыңда жүргеннің,

Мырсиып күлгеннің

Сияқты сылқита енесінен ұрғаның,

Қазақтың қаны үшін,

Қара өлең жаны үшін

Болған құрбаным!

Алшаю төріңде

Саған жарасар,

Өйткені ешкім жоқ өзіңе пара-пар!

Ертеңді бұрылтып,

Артына қаратар

Қара өлең киелі,

Сүйеді Далаң кең,

Бірақ та, тұрақ па?

Ақынға қала тар.

Артыңда жүргендер,

Арт жағын бүргендер,

Кәдімгі бұралқы.

Білінбей үргені,

Баянсыз сүргені

Байқаттар құралпы.

Тұрғаның, алшайып,

Батырдай талтайып,

Далдада біреулер қалыпты қалқайып…

Сүйсіндім шіркіннің иіні өріне,

Ойлының от құяр

Жарасып тұлғасы қазақтың төріне.

Қарашы бәріңде тым бөлек модасы,

Мен дейді, мына асфальт, мына жер

Қожасы!

05.08.2011ж.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Тарихи сананы дүр сілкінткен фильм

Жақында Сүлеймен Демирель атындағы университетте “Міржақып. Оян, қазақ!” телехикаясының режиссері Мұрат Есжан және продюсері Айсауле Әбділдамен

Қош келдің,әз Наурыз!

Шығыс халықтарының ортақ мерекесі болып саналатын Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз Қазақстанның түкпір-түкпірінде тойлануда. Ақ түйенің