///

Литва Журналистер одағының төрағасы, халықаралық сарапшы Дайнюс Радзявичус: Бақылау сөзін баспасөз заңында қолданбаған абзал

1211 рет қаралды

Астанада Қазақстан Республикасының “Масс медиа” туралы заң жобасын талқылауға халықаралық ұйымдардың сарапшылары жиналды.

Осы жиында сөз алған Литва Журналистер одағының төрағасы, халықаралық сарапшы Дайнюс Радзявичус Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғам министрлігі дайындаған заң жобасына қатысты өз пікірін айтты.

Барлық мемлекеттік мүшелерге Еуропа кеңесінің ресми құжаттарға қол жеткізу туралы конвенциясына қосылуға және оның стандарттарын, сондай – ақ Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот тәжірибесінен алынған стандарттарды қолдануға шақырады. Мемлекет ұлттық әкімшіліктік  құжаттарға қол жеткізудің, және түрлі ақпаратқа қол жеткізу үшін жасалынатын сұраулардың кідіріссіз қаралуын қамтамасыз етуі керек. Мемлекеттік мүшелер құжаттарға немесе ақпараттарға қол жеткізуден бас тарту туралы туралы шешімдерге барабар негіздеме беруге міндетті. Ақпаратқа қол жеткізуге қатысты істер бойынша ұлттық соттың шешімдері тез арада орындалуға тиіс. 

Мүше мемлекеттер аккредиттеу рәсімдерін белгілі бір ресми іс – шараға қатысатын журналистер мен басқа БАҚ мамандарының санын шектеудің нақты және негізделген қажеттілігі болған жағдайда ғана қолдануы тиіс.  Қолданылатын жағдайларда, анығырақ, мүше мемлекеттер, өздерінің мемлекеттік органдары журналистер мен БАҚ қызметкерлерін қоса алғанда, жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу рәсімдерін айқын, ашық және кемсітпейтіндей қамтамасыз етуі керек. Мемлекеттік қызметкерлер журналистер мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби қажеттілігі негізінде аккредиттеуден бас тартпауын қамтамасыз етуге тиіс. 

Мемлекеттік мүше кәсіби мәртебесі бар журналисттерге, баспасөз деректеріне және дәлелдейтін басқа да құжаттарға қатаң ресми шарттар қоймауы керек. Бұл дегеніміз, біріншіден  журналист статусты – еркіндік статусы дегенді білдіреді. Себебі бұл мамандықты адам өз еркімен таңдайды және өз еркімен маман болады. Ол жерде  жас айырмашылығы  мәселе болмауы тиіс. Ал  мемлекеттік лауазымды тұлға олардың құқық қорғау органдары мен мемлекеттік басқару өкілдері барлық аккредитация түрлерінен хабардар болып, журналистер мен БАҚ өкілдерін танудан бас тарту қаупін азайтуға тиіс. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: 

Қазақстан Республикасының Президенті журналистер құқығы есебін енгізбек. Бұл жерде деректердің қандай болатынын болжап, берілетін есептің де рөлін анықтау керек. 

Сол себепті де қазіргі талқыланып жатқан заң жобасына қатысты ұсыныстарымды айтқым келеді:

– Журналистің құқығы мен міндетінің арасы адекватты болуы керек. Кейбір міндеттер тым абстрактілі, ол журналистің тәуелсіздігіне күмән келтіреді.

– Журналистердің мәртебесі мен журналистердің құқықтары және міндеттерінің арақатынасына қатысты халықаралық озық тәжірибені бағалау;

– Журналистің ерекше жағдайларда ақпарат жинау және тарату құқығын кепілдендіру;

– БАҚ ережелері ашық және анық болуы керек;

– Қоғамдық ақпаратты реттеу өмірлік маңызды сала болып табылады, сондықтан бұл саланы реттеу ынтымақтастықта дайындалып, талқылануы және қабылдануы керек.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі