///

Ұялы байланыстың жоқтығы үш адамның өліміне әкелді

1558 рет қаралды

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кепебұлақ ауылында жан түршігерлік қайғылы жағдай болды. Үйде шыққан өрттен әкесі мен кішкентай екі періште баласы тірідей жанып кетті.

Тұрғындар уақытында көмек шақыра алмаған, өрт сөндірушілерге хабар бере алмаған. Неге дейсіз бе? Дамыған Қазақстанның ауылында ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ЖОҚ! Осы мәселені көтергенімізге он жылдан көп уақыт болған шығар, айналадағы елдімекеннің бәріне екіден вышка қойып, таза қазақтар тұратын алақандай ауылды айналып өтетіндей…
Алматы облысының әкімдігінің салғырттығынан халықтың ыза-кегі қайнап отыр қазір. Ауылда қартайған ата-әжеміз тұрады, сырқаттанса жотаға жүгіреміз бе жанын алып қалатын бір қоңырау шалу …
2023 жылғы 24 ақпан күні сағат 18-28-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Ұйғыр ауданының Кепебұлақ ауылында Сағабай көшесі бойында жеке тұрғын үйдің аумағында орналасқан уақытша тұрғын үйде (көлемі 12х6 уақытша тұрғын үй, қабырғасы глинобит, төбесі асбест шифер ағаш жәшік бойынша) 72 шаршы алаңда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті (шатырдың одан әрі құлауымен). Оқиға орнына дереу ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберілді. Шонжы ауылының ең жақын 6 өрт сөндіру бөлімінен қашықтық – 100 километр. Келгеннен кейін өрт орнында 1983 жылы туған үй иесінің және оның 2017 және 2019 жылы туған екі ұлының мәйіттері табылды.

Өрт  сөндіру бөлімі келгенге дейін жойылды. Өрттің себебі анықталуда. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау қызметкерлері жіберілді. Осы жеке тұрғын үйді түбіртек – ұсыныспен профилактикалық аралау 2022 жылғы 23 ақпанда жүргізілді. Бұл отбасы халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімінде тұрмайды, көміртегі тотығы датчигі орнатылмаған. Оқиға орнына 3 қызметкер және 1 бірлік ТЖД техникасы, 3 адам және 1 бірлік ерікті өртке қарсы құралымдар техникасы, 4 қызметкер және 2 бірлік жедел медициналық жәрдем бригадасы техникасы, 1 қызметкер және 1 бірлік аудандық полиция бөлімінің техникасы шықты.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар