///

Айналасы бес жылда ауыл өмірін жаңғырта аламыз ба?

1420 рет қаралды

2023 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсында  халқымыздың 40% ға жуығын қуантатын жаңалық жарияланды.

Мемлекет басшысының жарлығын іске асыру үшін Үкімет Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы қараша айында ҚР Президенті лауазымына кіріскеннен кейін осы Тұжырымдаманы әзірлеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Үкіметтің Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы:

Үкіметтің ауылдағы өмірді жақсарту жөніндегі шаралары:

  1. Жайлы ауылдық ортаны құруға жасалатын шаралар:

– Мектептер мен медициналық нысандар салу

– Сумен және электрмен үздіксіз жабдықтау, интернет және ғарыштық байланыс тарту

– Ауыл жолдарының сапасын жақсару

– Мәдениет және спорт нысандарын салу

2. Ауылдағы өмірді жақсарту

Жаңа жер учаскелеріне инженерлік коммуникацияларды жүргізу

– Өз қызметкерлеріне ауылда үй салып берген жұмыс берушілерге үй құнының 50%-ы қайтарылады (s=100 шаршы метрден аспауы керек).

– Ауылдарда өмір сүру қауіпсіздігін арттыру:

– Заманауи учаскелік полиция пункттері салынады

– Аудан орталықтарында бейнебақылау жүйесі енгізілмек

– Жаяу жүргіншілер жолдары мен мал айдау аймақтары белгіленеді

– Шомылуға рұқсат етілген және жабдықталған орындар құрылады

– Өрт сөндіру деполары мен бекеттері ашылады

3. Шекаралас ауылдық елді мекендерді дамыту

Инфрақұрылымды жаңарту және негізгі қызметтерді қамтамасыз ету арқасында:

– Халықтың елді мекендерден көшуін азайту

– Адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау

– Шекара маңындағы аудандардың экономикалық дамуына жаңа серпін беру жоспарланып отыр

– Еңбек тапшылығы бар өңірлердің шекаралас ауылдық округтер тұрғындарының жалақысына үстемеақы қосу мүмкіндігі қаралатын болады.

4. Ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту үшін жағдай жасау

– Ауыл тұрғындарының табысын арттыру

– Агроөнеркәсіп өндірісін жандандыру

– Кәсіпкерлікті дамыту

– Ауыл шаруашылығы кооперациясы

– Шағын шаруашылықтарды біріктіру және ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру

5. Фермерлерге:

– Тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағармай материалдары, жем-шөп, агротехникалық және ветеринариялық қызметтер шығындарын қысқартуға

– Жер учаскелерін, ауыл шаруашылығы техникасын, ирригациялық және дренаждық жүйелерді бірлесіп пайдалану есебінен өндірілген өнім көлемін арттыруға делдалдарсыз тұрақты түрде тауар өткізіп отыруға мүмкіндік береді

6. «Ауыл аманаты» жобасы

– Жеке қосалқы шаруашылықтарға жылдық 2,5% мөлшерлеме бойынша жеңілдікпен шағын несие беріледі

– Сервистік-өткізу кооперативтері құрылмақ

– Техника, жабдық лизингі

– Азық-түліктің негізгі түрлері бойынша импортты алмастыратын инвестициялық жобалар дамымақ

 Күтілетін нәтижелер

– Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз ауыл халқының үлесі 5,8%-ға дейін азаймақ

– Ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейі 4,2%-ға дейін төмендейді

– Ауылдар сумен 100% қамтылады

– Интернетпен қамту деңгейі 97% болмақ

– Нормативтік жағдайы жақсы жергілікті жолдардың үлесі 95%-ға жеткізілмек

– 655 денсаулық сақтау нысаны, 183 мектеп және 100 спорт ғимараты пайдалануға беріледі

– 650 мәдениет нысаны жөндеуден өтеді

Қорытынды:

 2027 жылы тұжырымдаманың соңғы жыл екенін ескерсек, осы жылы ауыл халқы толықтай ауыз сумен қамтылып, интернет желісі шалғай бірлі-екілі ауылдарға болмаса толықтай жеткізіліп, қалаға босып кеткен ауыл халқы толықтай ата қоныстарына оралып, жаңа мектеп пен жаңа медициналық, мәдени нысандарды емделіп, рухани жетілетін болады.

Ерзат Мусират, 

Алматы қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі