//

Қазақ журналисі Грузияда кісі қолынан қаза тапты. Жанбота Төлеген туралы не білеміз?

2360 рет қаралды

Жанбота Төлегеннің жұмбақ жағдайда қаза тапқанын оның әріптестері тек бір ай өткеннен кейін ғана біліп отыр. Тіпті ешкім білмей қалар ма еді, егер де оның әріптесі Назира Дәрімбет фейсбуктағы парақшасында одан хабар үзіп қалғаны жайлы дабыл қақпағанда. 

Қолға түскен деректерге қарағанда, қазақ журналисі Жанбота Төлеген 2023 жылы Мамырдың 21-інде Грузияның Телави қаласында қастандықпен өлтірілген. Назира Дәрімбет Маусымның 18-інде Жанботаның хабарсыз кеткеніне біраз уақыт болғанын айтып, егер оны танитындар болса, хабарын берсеңіздер деген пост жариялайды:

“Адам жоғалттым! SOS! HELP!

Достар, әріптестер! Менің бір танысым бар, болып еді деп өткен шақта айтуға аузым бармайды. Бірақ оның хабарсыз кеткеніне бір ай болды, екеуміздің бірге жасап жатқан ортақ жобамыз бар, ол маған аударма жасап беретін. Ол жобамыз әлі аяқталған жоқ. Ол – өте ұқыпты, сауатты аударатын, қазақ, орыс тілдеріне жетік адам. Бәлкім кейбіреулеріңіз оны білетін де шығарсыз. Оның аты – Жанбота Төлеген. Ол журналист – біздің әріптесіміз”,– деген ол, Жанботадан бір ай бойы хабар ала алмай отырғандығын айтады.

Осы постыдан кейін Жанботаның таныстары мен туыстары комментарий қалдырып, оның Грузияда қайтыс болғандығын мәлімдейді. Оны Астанада 2  маусымда жерлепті.

Осыдан кейін желіде Қазақстан Республикасының Грузиядағы консулы Е.Әбішевтің қолы қойылған хат та жарияланды. Онда Жанботаның Грузияда қайтыс болғандығы, өліміне күдікті адамды Грузияның құқыққорғау органдары қамауға алғандығы жазылған.

Жанботаның Астанадағы туған сіңлісі Ботакөздің “Республика” сайтына берген комментарийіне қарағанда оны Грузия азаматы өлтірген. Олар 20 мамырда Қазақстаннан бірге Грузияға аттанған екен. Ботакөздің айтуынша олардың таныс болғанына біраз жыл болыпты:

«Ол біресе келеді, біресе жоқ болып кетеді. Үнемі алдап, оның ақшасын пайдаланып келді. Біз онымен байланысын тоқтатуды сұраған едік. Бірақ олар қарым-қатынасын тоқтатпаған екен. Біз тіпті содан болып келіспей де қалатынбыз. Мен Жанботаның онымен бірге кеткенінен хабарсыз болдым. Ол ешкімге ештеңе айтпады, бірге тұрған бауырына да ешкімге ештеңе айтпауды өтініпті. Сол себепті де сіз келгенде ол сізге басқа облысқа кетті деуге мәжбүр болған. Біз оның хабарсыз кеткенінен күдіктеніп, іздей бастадық. Мен Алматыға келіп, інімді қыспаққа алғаннан кейін ғана ол бізге шыңдықты айтты, – деген ол “Республика” сайтына берген сұхбатында.

Туысқандары Жанботаның қалтасында кемінде 40 мың доллар болды деп есептейді. Ал Грузия басылымдары күдіктінің 7,1 мың доллар ақшасын алу үшін қазақ журналисін асқан қатігездікпен өлтіргендігі туралы жазады. Басылымның айтуынша, күдікті қазақстандық азаматтың ақшасын иемдену үшін оны Тбилисиден Кахети қаласына баруға мәжбүрлейді. Әйелдің басынан кірпішпен ұрып өлтірген ол, ақшасын алып, денесін Иори деген өзенге тастаған.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оны  16-20 жылдық түрме немесе өмір бойы қамауда болу жазасы күтіп тұр. Қазір күдікті қамауда.

Жанбота Төлеген – «КТК» телеарнасында, «Казахстан Тудей» ақпараттық агенттігінде, басқа да ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Соңғы жылдары Foodindustry.kz  сайтын ашып, тамақ өндірісі мен ауыл шаруашылығы жайлы сараптамалық және зерттеу материалдарын жариялап келген. Ол небәрі 54  жаста еді.

“Мінбер” сайты Жанбота Төлегеннің туған туысқандарына қайғысына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі