//

1-Қыркүйек білім күні құтты болсын: Бір баланы мектепке дайындау қанша тұрады?

952 рет қаралды

Бүгін еліміздің 7724 мектебінде алғашқы қоңырау соғылды. Біз «Мінбер» оқырмандарын Білім күнімен құттықтаймыз.

Zakon.kz мәліметінше биыл 382 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанды. Біздің редакция мереке қарсаңында Алматы облысындағы орта мектептің салтанатты жиынына қатысып, ата-аналар арасында сауалнама жүргізді.

«1 сыныпқа оқушыны толық дайындау үшін қанша қаражат жұмсалды?»-деген сауалға әркім әрқилы жауап қатты.

Шынар:
«Аяқ-киімсіз костюм, жейденің өзі 20 000 теңгеге шықты. Аяқ-киім 10 000 теңге. Сөмке 10 000 теңге. Оқу-құралдары 20 000 теңге. Тағы айтылмаған заттар баршылық. Жалпы алғанда бір балаға 200 000 теңге кетті. Оған қоса биыл 4 сыныпқа баратын ұлымды да дәл осылай дайындадық».

Гучьхра:
«Мен ата-анасы емес, апасымын. Дегенмен біз бір жейдені 5000 теңгеге алдық. Біраз ақша кеткен. Мектеп алды дайындық тобына 5 жасар баланы жіберу де біршама қаражатты талап етеді. Ермексаз, сурет альбомы, тіпті легосына дейін сұратыпты. Әрине ата-анасы жағдайын жасап, алып берді».

Ләйла:
«Біз биыл 1-сыныпқа барамыз. Көп ештеңе алмадық. Ең қажетті, базалық заттар шамамен 100 000-ға шықты. Тұңғыш бала болғандықтан ауыртпалық емес. Қызығушылықпен дайындалдық».

Айтолқын:
«Үлкен ұлым 3-сыныпқа, кішісі 1-ге барады. Шүкір, жұмыс жасаймыз. Шығын көп болған жоқ».

Дилья:
«Базарда бағалар былтырғыдан еселеп өскен. Қайтеміз? Жұмыс жасаймыз. Баланың жағдайын жасауға міндеттіміз».

Альбина Булатова, 

Алматы облысы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар