/////

QARA FORUM — шығармашыл жастарға шабыт сыйлаған шара

3186 рет қаралды
QARA FORUM — шығармашыл жастарға шабыт сыйлаған шара

QARA Studios командасы 4-5 қараша күндері шығармашылық индустрияның білікті спикерлерімен ауқымды «QARA FORUM» білім беру іс-шарасын ұйымдастырды. Көрермен сұрақтарына жауап алып, қызықты дәрістерді тыңдап, шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік алды.

QARA FORUM — шығармашыл жастарға шабыт сыйлаған шара
Фото: Qara studios instagram парақшасынан

Айсұлтан Сеитов – жас режиссер, клипмейкер, продюсер. «Қаш» фильмінің режиссері. QARA Studios жобасының негізін қалаушы, идея авторы.

QARA FORUM — шығармашыл жастарға шабыт сыйлаған шара
Фото: Qara studios instagram парақшасынан

Шара мақсаты ­— жастарды шабыттандыру.

«Осыдан 10 жыл бұрын кез келген мектеп оқушысы кино шедеврін немесе керемет музыкалық бейнені көргенде, оларға қол тигізуге мүмкіндігі жоқ екенін түсінетін. Бірақ осы уақыт ішінде ұзақ жол жүріп өттік, бүгінде жергілікті жастар жаһандық шығармашылық индустрияның шеберлерімен тікелей сөйлесіп, практикалық тәжірибе жинақтап, жеке шедеврлерді жасауға шабыттана алады».

QARA FORUM — шығармашыл жастарға шабыт сыйлаған шара
minber.kz

Форум 2 күнді қамтыды. Бірінші күн спикерлері: Асхат Ниязов, Ерболат Беделхан, Даулет Жанайдаров, «Қара аула» жасаушылары, Оскар Хадсон, Тимур Бекмамбетов. Екінші күн спикерлері: Әнуар Тлегенов, M’Dee, Баян Алагузова, Иэн Понс Джуэлл, Зико Джадж, Илья Найшуллер.

QARA FORUM — шығармашыл жастарға шабыт сыйлаған шара
Фото: Qara studios instagram парақшасынан

Шығармашылықтың барлық салалары атап айтқанда: продюсерлік, режиссура, киноиндустриядағы мансап, кино сынының жаңа түрлері, журналистика, музыка индустриясы, подкасттар және сериал өндірісі, YouTube желісінде даму туралы айтылып, дәріс оқылды. Аға буын өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарға форумнан кейін де жеке кеңестерін айтты.

Парақшамызға жазылыңыз

Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар