//

Жиырма миллионға жеттік-ау, әйтеуір

675 рет қаралды
фото: inbusiness.kz

«2023 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллион адамға жетті», – деп хабарлады ҚР Ұлттық статистика бюросы

Бюроның хабарлауынша деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүние есігін ашқан 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған. Олар 3 ұл, 2 қыз.

20 миллионыншы азаматтың туған күні барлық қолда бар демографиялық деректерді ескере отырып айқындалған, бұған ҚР тұрақты тұруға келген, одан шыққан, туғандар мен қайтыс болғандардың саны кірген. Статистика бюросы бұрын халық саны туралы мәліметтер қолмен өңделетіні және бұл көп уақытты қажет ететінін және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы бұл процесті жеделдетуге және 20 миллионыншы азаматтың туған күнін жоғары дәлдікпен және қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік бергені туралы да атап өткен.

Қуанышты жаңалықтар легін «Отбасы банк» Акционерлік қоғамы жалғастырып, Жетісудағы Айсұлтанға, Ұлытаудағы Томириске, Ақмола облысындағы сәбиге, Түркістан облысындағы Әлімханға, Атырау облысындағы Мухаммадқа  2 000 000 теңгенің сертификат табыстады. Сертификат иеленген отбасы болашақта бұл қаржыны балаға тұрғын үй немесе оның оқуына жұмсай алады.

Ел тәуелсіздігін алған 1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 млн адам болса, Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың саны 22,3% өскен. 2022 жылғы туу саны 1991 жылмен салыстырғанда 353,2 мыңнан 403,9 мың адамға дейін немесе 14,7% өсіпті. Бала туудың ең жоғары мәні 2021 жылы тіркеліп, 446 мың балаға жеткен.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі