//

Алқабилер соты: Қ.Бишімбаев тағы да өз кінәсін мойындамады

697 рет қаралды

27 наурыз сағат 16:00 Бишімбаев ісі бойынша алқабикелер қатысқан сот отырысы өтті. 102 кандидаттың ішінен 12 алқабике таңдалып алынған. 

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті.  Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы, — деді Жоғары Сот баспасөз қызметі.

Сот отырысында не айтылды?

Бишімбаев тағы да өз кінәсін мойындамады. Тағылған айыптармен келіспейтінін айтып, өзін кінәсіз деп санайтынын бірнеше рет қайталады.

Отырыста мемлекеттік айыптаушы тарап іс бойынша айыптау актісін оқыды. Судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтан, “ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәсін мойындамай ма?”, — деп сұрады.

“Мойындамаймын. Айтып өткім келеді. Менде тіпті сотқа дейінгі тергеуде өз нұсқамды айтуға мүмкіндік болмады. Прокурордың оқып шыққанының бәрі ойдан шығарылған, мұның бәрі расталмаған, дәлелденбеген. 110-бап бойынша қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған емес, мен кінәны мойындамаймын. Өз позициямды айтуға мүмкіндік аламын деп үміттенемін”, – деді Қуандық Бишімбаев.                                             

“Иә, әрине, айғақтар беру кезінде сотқа бәрін айтуға мүмкіндігіңіз болады”, – деп түсіндірді Айжан Құлбаева. Сондай-ақ судья сотталушы ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша кінәні толық көлемде тани ма деп сұрады.                                            

“Осы тармақ бойынша да сондай мәлімдеме жасаймын. Мен кінәні мойындамаймын”, – деді Қуандық Бишімбаев.                                             

Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған екінші айыпталушы, BAU “Гастроцентрінің” директоры Бақытжан Байжанов өзінің қылмыс жасағанын білмейтінін мәлімдеді.

“Мен бейнежазбаларды жоюды сұрағанымды және Салтанаттың телефонын үйге апаруды сұрағанымды мойындаймын. Қылмыс жасадым ба, жоқ па білмеймін. Сол кезде Салтанаттың хал үстінде жатқанын немесе қайтыс болғанын білмедім”, – деді Байжанов.

Келесі сот отырысы ағымдағы жылдың 29 наурызы күні сағат 10:00-ге белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қараша БАҚ пен әлеуметтік желіде бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы сабап, өлімші күйге жеткізді деген күдікке ілінген. 11-12 наурыз Астана қаласында Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сот отырысы болды. Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: 110-бап, 2-бөлім — “азаптау”; 99-бап, 2-бөлім — “ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру”. Осы отырыстан кейін айыпталушы тарап өтінішімен сот отырысын алқабилер қатысуымен өткізу шешімі қабылданды.



Парақшамызға жазылыңыз

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі