//

БАҚ: экс-министр Қуандық Бишімбаев кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды

1948 рет қаралды
1
Фото: иллюстрация | minber.kz

9 қараша БАҚ пен әлеуметтік желіде бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы сабап, өлімші күйге жеткізді деген күдікке ілінген. Оқиға Астана қаласындағы «Bau» мейрамханасында болды.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы әйел адамның өлімі туралы ақпаратты растады:

«Кешкі сағат 19:54-те қалалық жедел-жәрдем қызметіне қоңырау түсті. Медициналық қызмет келіп жеткенде 1992 жылғы азаматшаның өлімі белгілі болды».

БАҚ пен әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жеткенде күдікті Қуандық Бишімбаев мас күйінде өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

ҚР Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың тұтқындалғанын растады дейді vlast.kz өз дерегінде.

Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов жұма күні бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады, бірақ қандай іс бойынша екенін нақтыламады.

«Ол (Бишімбаев) ұсталды, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Қалғаны туралы пікір айта алмаймын. Жұмыс аясында сіздерге қосымша ақпарат беріледі», – деді Сәрсенов.

фото: 2gis Астана

Оқиға орны болған «Bau» мейрамханасы сол күні «арнайы қонақ» қабылдайтындығын және бір күн жабық болатынын сторисіне мәлімдеген. Қазір мекеменің Instagram парақшасы өшіріліп, ғимараты тергеу бойынша жабылған. Мейрамхана бизнесінің басшысы — Бақытжан Байжанов. Дегенмен компанияның бес негізгі құрылтайшыларының қатарында Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова да бар.

Фото: Instagram сторис | скриншот

Қазіргі таңда желі қолданушыларының тарапынан 2GIS қосымшасында мейрамханаға қарсы наразылық өршіп тұр. Басым көпшілігі «Қызметкерлер көз алдында адам өліп жатқанда, неге араша түспеді?» деп ашуланса, кейбіреуі «Жұмыс уақытынан кейін қызметкерлер үйіне кетеді. Ол жерде тек басшылық өздері болған» деп пайымдап жатыр. Пікірлер бөлімінде Жан Кәрім есімді қолданушы өзін мейрамхана қызметкерімін деп таныстырып, өзгелердің жұмысшыларды негізсіз даттамауын сұраған хабарламасын байқадық.

«Мен осы мекеменің қызметкерімін, мейрамхана қызметкерлері мінсіз жұмыс істеді. Барлығы «Қызметкерлер қайда қарады?» деп жазыпты. Ақымақ адамдар қызметкерлер кісі өлімін бақылап тұрды деп ойлап жатыр. Бірақ, әрине, олай емес. Біз ол жерде болмадық! Біз ауысымды аяқтап, үйге қайттық!! Мейрамханада күзет жоқ, мейрамхана жабылды, ал басшылық өздері қалды. Бұл жерде қызметкерлер КІНӘСІЗ!»

Фото: 2gis қосымшасы | скриншот

Көз жұмған Салтанат Нүкенова 1992 жылы 15 мамырда дүниеге келген. Астрологиямен айналысқан. Күдікті Қуандық Бишімбаевпен 2022 жылы отау құрған.

43 жастағы Бишімбаев 3 мәрте үйленген. Бірінші некеден — бір бала, екінші некеден — үш баласы бар. Салтанат Нүкенова үшінші әйелі болатын.

Фото: facebook.com/Қуандық Бішімбаев

Қуандық Бишімбаев бұған дейін 2018 жылы аса ірі көлемде пара алды деген айыппен істі болған. 10 жылға сотталып, бір жылдан кейін 2019 жылы босап шыққан. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті шенеуніктің қамауда «жақсы мінез-құлық» көрсетіп, сот тағайындаған «арыз-талапты өтегенін» хабарлаған.

15 жылда бас менеджерден министрге дейін. Бишімбаевтың қызметтері:

Blue and White Illustrated Technology Timeline Infographic by Minber KZ Ақпарат агенттігі

2001 жыл — Қазақстан Даму Банкінің қарыз алу және құрылымдық қаржыландыру департаментінің менеджері, қазынашылық операциялар департаментінің бас менеджері;

2003 жыл — «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарушы директоры және басқарма мүшесі;

2005-2006 жж — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі;

2006 жыл — Премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі;

2007 жыл — Индустрия және сауда вице-министрі;

2009-2010 жж — экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі;

2010-2011 жж — Экономикалық даму және сауда вице-министрі;

2011-2013 жылдары «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының орынбасары;

2016 жыл —Ұлттық экономика министрі.

Парақшамызға жазылыңыз

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі