04 қазан күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайты хабарлады.
Дәл осы күні мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылып, Президент Жарлығымен Марат Шәдетханұлы Қожаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Бұл сәйкестік пе әлде бір оқиғаның екінші оқиғаға мүлдем қатысы жоқ па? Мүгедектігі бар адамдардың мүддесін білдіріп, құқығын қорғайтын, мұң-мұқтажын жеткізетін Сенаттағы өкілдің өкілеттілігі не себептен тоқтатылды?
Айта кету керек, Ләззат Қалтаева 2001 жылдан бері “Шырақ” мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы” қоғамдық бірлестігін басқарады. 2022 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты болып тағайындалған еді.
Ал ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына 07 қазан күні Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов тағайындалды.
Парақшамызға жазылыңыз