///

Halyk “1+1” акциясы аясында бес автомобиль ойнатты. “Авто сатып алып, екіншісін сыйлыққа алыңыз”

326 рет қаралды

Halyk Bank Алматыда “1+1” ұтыс ойынының бесінші жеңімпазына жаңа машинаның кілтін салтанатты түрде табыстады. Енді сіз де авто рәсімдеп, екіншісін сыйлыққа алыңыз,  – деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Машинаны алматылық Асылхан Балтабаев ұтып алды. Ол жұбайына автокөлік сатып алу үшін цифрлық несие рәсімдеп, автоматты түрде Halyk акциясының қатысушысы болған екен.

“Мен Halyk қосымшасы арқылы цифрлық автонесие рәсімдедім. Бұған дейін мен ешқашан несие алған емеспін, бірақ банк өте қолайлы шарттарды ұсынған сон несие алуды шештім, пайызы төмен болды. Бұдан да төмен пайыз болғанын көрген емеспін. Жұбайыма көлік сатып алу туралы шешім өздігінен болды, бірақ Halyk акциясының арқасында бұл қадам біздің отбасымызға екі есе қуаныш әкелді. Енді бізде екі жаңа көлік бар! Мен көлік ұтып аламын деп тіпті елестете алмадым да. Бұл тосынсый болды”, – деді Асылхан Балтабаев.

Айта кетейік, “1+1: авто сатып алып, екіншісін сыйлыққа ал” акциясы жақында аяқталады.

Біздің акция клиенттерімізге ұнағанына қуаныштымыз. Биыл біз бес көлік ойнаттық. Енді ойнатылатын бір көлік қалды. Сондықтан қазақстандықтардың жаңа кроссовер ұтып алуға мүмкіндігі бар. 2024 жылдың 30 қарашасына дейін автосалонға хабарласып, көлікті таңдап, цифрлық автонесие рәсімдеcе жеткілікті”, – деді Halyk банкінің Алматы қалалық филиалы директорының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Татьяна Арзымбетова.

Еске салайық, соңғы алтыншы автокөліктің ұтыс ойыны 12 желтоқсанға дейін банктің Instagram-дағы ресми парақшасында өтеді. Жеңімпаз кездейсоқ сандармен анықталады. Жаңа көліктің иесі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Halyk-та автокөлікті несиеге рәсімдеп, сыйлыққа екінші көлікті алыңыз! Акцияның толық шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар